RSS Feed

“Борати” комплекс & critique sandwich

         Бiз жалпы өзiмiз “комплексi” бар халықпыз ғой. Оған ендi тарихи жағдайлар, басымыздан өткен қиындықтар бәрi әсер еткен. Айтайын дегенiм, қандай жерде, қандай дискуссияда болмасын әлгi аты өшкiр Боратты сұрап қала ма деп қипақтай беремiз.

10659217_10152531698981551_7554020870581253117_n

Байқағаным, көп ел Қазақстанды сол “бiрдеңе” (киноу деуге келмес) арқылы бiлiп жатады. Олар жай көргенiн айтып, елдi бiлетiнiн айтып қоя қояды ғой, оған бiздiң iшкi комплексiмiз көне ме?! Бiз өзiмiз кiшкене “нервныйлау” тонмен бастаймыз ғой ендi:”Сiз соған шынымен сенесiз бе?”-деген сияқты кiшкене ашу аралас сұрақтар койып. Сұрағандар сосын:”Ой жоқ, әрине, оған кiм сенедi, ол комик қой, одан кейiн Қазақстан туралы оқимыз ғой,”-деп ақталып кетедi. Олай десе де iштегi ыза ырза болсын ба, бiр мұғалiм киноу туралы критика жазыңдар десе, қырғын киноның iшiнен соны таңдап аласың. Сондағысы Коэндi көгала торғайдай қылып сыбап алу ғой. Сөйтсе, Американың сынау әдебi (жүйесi) бойынша, алдымен оны сәл мақтап барып, ортасында сынап алып, соңында тағы кiшкене комплимент айту керек екен. Сосын алғашқы нұсқада бар ашуыңды iске қосып, кегiңдi сол “кiттай” эссемен аласың. Бiрақ, мұғалiм саған күлiмсiрей қарап, бұлай бүкiл текст бойы жамандап кетуге болмайтынын, “critique sandwich” қағидасын сақтау керегiн айтады. Ал, ендi қинал сен, қинала бер, балақайым! Оны қалай мақтауға болады, оған қандай комплимент айту ақталады деп тағы жүйкеңдi құртқан қосымшамен толықтырып апайға қайта жiбересiң. Ол жымиып алып, сол ереженi сақтау керек екенiн тағы ескертедi. Сосын амал жоқ, қимай, қысыла-қысыла “ол киноның бiр плюсы Қазақстанды бiраз адам бiлiп қалды, бiрақ бiр елдi олай мазақ етуге ешкiмнiң де хақы жоқ” деп жазып қоясың. Ол арқылы Қазақстанның абыройы әсте кемiген жоқ, қайта автор өзi ақымақ кейiпте аты шықты. Бла-бла-бла… Сөйтсе, соңында мұғалiм де оны кино деп есептемейтiнiн, қағиданы қатты сақтамасам да (негiзi көбiрек мақтап барып, кiшкене ғана сынап алу керек те, сосын қайтадан мақтаған нотада аяқтау керек, сол сэндвич), бұл ойлармен толықтай келiсетiнiн айтқанда, “уф” дейсiң ғой. Сондағысы анау iшiңдi өртеп жүрген ызаның бiреуге жетiп, ол да келiскен пiкiр айтқанын есту арқылы жай табу да. 

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: