RSS Feed

Бір аяғың – көрде, бір аяғың – жерде…

        Мен тақырып қылып қойған тұрақты тіркес көбіне жүкті әйелдерге қатысты қолданылады. Бұрын босанбаған кезде онша мән бермеуші едім, сөйтсем өте орынды айтылған екен. Босану кезінде шынымен-ақ «бір аяғың – көрде, бір аяғың – жерде» болады ғой. Бір естігенім бар еді, кейде адамдар өмірде әр нәрсеге табынады, жалбарынады, бірақ жандары қатты қиналғанда не өлім таяғанда Алладан медет тілейді, бірақ кеш болуы мүмкін екен.

            Сол секілді басқа кезде де Алланы еске алуға тырысқаныммен, өзімнің босанар алдында Аллаға жалбарынғаным есімнен кетпейді. Тіпті, босанып алған соң Алладан ұялатын кездерім де болады. Себебі, Алла менің тілеуімді берді, ал мен ше? Алланың айтқанын толық, бар ықыласыммен орындап жүрмін бе деген сауал санаңды ұрғылайды.

                                                     Екінші балам ішімде 9 ай бойы теріс жатты.Жүректе бір тыныштық болды, әрине. 9 ай бойы Аллаға тапсырып жүре бердім, әркім әр түрлі пікір айтты. Енді болмағанда дәрігерлер ауруханаға ота жасауға жатқызбақшы болған. Кезекті дәрігердің қабылдауына баруға 4 күн қалғанда толғатып перзентханаға кеттім. Алдында бір дәрігермен ақылдасқанымда: «Қазір мұндай жағдаймен көбісі өздері босана береді, тек толғағың жақсы болса болғаны,» – деген. Алладан күні-түні толғағым жақсы болып, аман-есен босануымды тілеп жүре бердім.

           Перзентхана…Мені бірден туу залына қабылдады. 2,5-3 сағаттай толғаттым. Ақылдасқан дәрігерім менің тұрғылықты жеріме қарасты перзентханадан өте тәжірибелі бір дәрігердің аты-жөнін айтқан, бірақ алдын ала келіспегенбіз. Келсем, сол дәрігердің кезекшілігі екен. Қабылдаған дәрігер де, медбикелер де түсі игі жандар екен. Дәрігерге өзім босанғым келетінін айттым. Ол кісі басқа бір профессорға тел соғып рұқсат алды, бірақ толғақты көреміз, 4 сағатта жатыр мойны 8-9 см ашылса, өзің босанасың, ашылмаса ота жасаймыз деді. Қасымда анам болды. Анам да мед қызметкер болған соң ба, көмегі көп болды. Баланы туып жатып айтатын дұғаны бір жаттай алмай-ақ қойғанмын, компьютерден шығарылған қағазды толғақ кезінде оқып жүрдім. Толғақ жақсы болды, десе де көтенмен жатқан баланы туу өте қиын екен. Өзгелерге қарағанда 2 есе күш керек. Баланың аяғы көрінді, әлі басы жоқ, жүрегім дүрсілдеп кетті. Алладан басқа жүгінерім бар ма?

            Бір кезде басы да көрінді, енді балада дыбыс жоқ, дәрігерлердің өздері абыржыңқырап тұр. Ары қарай алып кетті, бір сәтте дыбысы шықты-ау әйтеуір. Ал, Аллаға сансыз мадақ айтпай көр енді….Аллаға мың да бір шүкір! Жүкті кезімде қаралған дәрігерлер де естіп таң қалды. Гинекологым: «Дәрігерлерге рақмет айт!» – деп қояды, мен: «Әуелі Аллаға рақмет, содан соң себепші болған дәрігерлерге рақмет!» – дедім. Перзентханада мені де, баламды да «тазовое» деп күшті қарады. Дәрігерлер жүгіріп жүрді, бәрі маған қарап қояды, таныссыз дәрігердің де жөндеп қарамайтынын естіген соң ба мынау бір ғанибет көрінді.

              Алдында жолдасыммен алдын ала бір дәрігермен келісеміз бе екен деген де ой болған, бірақ қазіргі таңда келісу деген – пара. Ал, пара деген күнә ғой дедік те, не де болса бір Аллаға тапсырайық дедік. Алладан қорқып, бір күнәлі істен бас тартсаң, Алла қарасады деген рас болып шықты. Әрине, босанған соң дәрігерге рақметімді айттым, бірақ шын көңілмен, ешкімнен жасырмай, арам жолмен емес, аман-сау қалуымызға себепші болғаны үшін сыйлық жасадық. Алла –  бәрін көруші әрі білуші! Ендігі тілек – Махамбеттей батырды берген Алла оның денін сау қылып, біз үшін қайырлы ұрпақ етсінші!

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

16 responses »

  1. ЖАНМӨЛДІР

    Аллахтың қалауымен екінші рет ана атануынызбен! Дениниз сау болсын! Перзентериниз тек шаттыкка болегей! АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!

    Жауап беру
  2. Бауы берік болсын! Екі балаңыздың қызығын көріңіз!

    Жауап беру
  3. Бауы берік болсын! Қазақ “көрер жарығы бар” деп жатады ғой, жасы ұзақ болсын!

    Жауап беру
  4. Бауы берік болсын, бота! Дінмұхамед пен Махамбетті бір шаңыраққа топтастырған Мұрат екеуің жарадыңдар!🙂 АЛЛА ұзағынан сүйіндірсін! Әбден қиналған анасы+әкесі енді тек ол балалардың рахатын көрсін!

    Жауап беру
  5. Күшті! Жылап жібере жаздадым! Бауы берік болсын!

    Жауап беру
  6. МашАллаһ, 9 ай бойы көтерген сәбиіңіздің дүниеге келуімен құттықтаймын! Аллаһ дендеріңізге саулық берсін! Халқының қамын ойлайтын ер Махамбеттей қайсар ұл болып ер жетсін, Инш!

    Жауап беру
  7. Бұзықтарыңның бауы берік болсын, Айс!!! осындай да жағдай болады екен ғой дегеннен басқа не айтам.Бұл да бір сынақ шығар.

    Жауап беру
  8. Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!Ен алдымен,Маханбеттің бауы берік болғай!Иншаллах еліне жанашыр азамат,ата-анасына кайрымды перзент,кайырлы,иманды ұл болып өссін! Алхамдилуллах ұқсас жағдай, Аллахтың қалауымен ана болдық.Толгақ үстінде Жаратушыға дұга жасап,сурелерді оқыған сайын жеңіл болды деп айта аламын.Дәрігерден гөрі,бір Аллага озімді тапсырдым.Себебі бізде өзімізді аманат етіп,ешқандай дәрігермен келісімге отырмаған едік.Кішкентайымды үстіме тастағанда,Раббымды ұлықтап жылап жібердім.Аллах Т пендесінің дұғасын қайтармайтынына көзім жетті,себебі өз басым сәбиімнің күндердің қасиеттісі жұма күнінде туылса деп ниет қылатынмын.Аллахымның құдіреті,толғағым бейсенбінің аср намазын оқып болған соң басталып,жұманың таңында,Режеп (Аллах) айының бірінші күнінде амандықпен дүниеге келді.Алхамдилуллах,дұға жасаңыздар!!!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: