RSS Feed

Бауыржан Қарағызұлы: ҰЛДАРЫМА

 

Ұлдарым, бұл Өмір – Сабыр мен Кешірім,
Мейірім Самалы – Періште мақтаған ең ұлы Есімін.
Ақылдың көзімен қарасаң Ақиқат көзіне,
Жүрегің ашады Бақыттың есігін.
Бақыттың есігі – ол сенің тағы да Сабырың,
Тағы да Кешірім.

Әр ісің Әлемнің – қайырымды сәлемі.
Қарашы, дүние не деген керемет үйлесім, не деген әдемі!
Әр ойың ақ болса – Әулиенің дұғасы,
Әр адам – бауырың, әр адам – жолдасың,
Оларға жалғанның шаттығын сұрашы,
Жаратқан Сәлемін жолдасын!

Бұл сенің Отаның – Қазақтың иманды даласы,
Иә, шүкір, қарашы…
Әр адал қадамың – таусылмас ырысың,
Санашы… Бісмилла, бір, екі, үш…
Бұл Сенің – Білімің,
Білімің – Еліңді сүюің.

Ұлдарым, Ақылың – Сабыр мен Кешірім,
Әділет Иесі – күллі әлем мақтаған Есімін.
Құрметтеп Өмірді, құрметпен қарасаң өзіңе
Жүрегің тербетер махаббат бесігін,
Махаббат бесігі – ол сенің тағы да Сабырың,
Тағы да Кешірім.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: