RSS Feed

Қорықпаңыз! Баламды сіз бақпайсыз!

                       Осы адам адам болғалы, оның ішінде қазақ қазақ болғалы алдыңғы баласы екіге не жасқа толмай жатып екіншісін көтерген мен ғана сияқты жұрттың бәрі қазір мені мүсіркегіш боп алыпты.

–          А ты не боишься? Муж тебя не оставит? А то сейчас много таких мужчин, женщины бедные рожают, а они оставляют..  (Емханада жолыққан бір өзге ұлт әйелінің сөзі.) …..Мұндайда әжем жағыңа жылан жұмыртқаласын деп жатушы еді, бірақ мен ештеңе демедім. Алла бәрін естіп тұр ғой деген оймен.

–          Негізі баланы 2 жасқа дейін емізу керек екен..(..деп ақылгөйситіндер де бар, бейне бір мен «қой 2 жасқа дейін емізбейін,»- деп екіншісін көтеріп алғандай )… Сонда деймін да, 2 жасқа дейін емізу керек екен деп, екіншісін алдыртып тастау керек пе (Алла сақтасын)? Бұрын 10-14 құрсақ  көтерген әжелерімізда арасы тура 3 жыл болды дегенге сенбеймін өз басым. Жетпісбай, Алпысбайларды бірді-екілісі болмаса, жаппай өмірге әкелмеген болар.

–          Ойбүй, 2 баламен 1 бөлмеде… сендерге қиын болды бәрінен…(осы бұрынғылардың естелік кітаптарын оқысаң небір дана, мықтыларың да жатақханадан жетіліп, кейін үйлі болған ғой).

–          Кемінде арасы 3 жыл болуы керек қой. Ана баласы кішкентай әлі (бір жеміс-жидек сатушы мен орыс кемпірдің мен туралы әңгімесі болса керек).

         Бейне бір мен «баламды сіз бағып беріңізші» деп жағдай айтып тұрғандай қынжылады. Сосын жұрттың бәрі кезінде Құнанбай болмаған шығар, алты қанат ақ орда тіктіріп қоятын. Осы атам қазақ көшпелі болған деп кешке дейін мақтанып жатамыз, сол уақыттың балалары да өсті ғой көшіп жүріп. Оның қасында біздің жағдаймызы хан сарайына жуып қалар. Тіпті, әлі мына өмірдің есігін ашпаған сәбиден ұят болды. Ол ойлап жатқан шығар, өмір деген тым қиын екен, оған қоса менің шығуыма көп адам қуанышты емес сияқты деп. Өзгені қойшы, өзім жұбатып: «Жұртты қайтесің, оларды тыңдамай-ақ қой, Алла берген ризық бәріңе де жетеді. Әке-шешең, ата-әжелерің, туған-туыс, жора-жолдас бәріміз сені асыға күтіп отырмыз. Тіпті, бар ғой, Дінмұхаммед деген ағаң да сені сыртыңнан сүйіп қояды, 2 жыл ембедім деп өкпелем жүрген ол жоқ, себебі Алла оның да жайын реттеп қойған. Тек сен аман-есен осы өмірдің есігін аш, күнім!» – деп қоям ішімді сипап.

Пы.Сы. Ресейдің бір сайтынан мынадай жарнама жолықтырдым.  Біршама халқы бар еліне ор-ағам осылай ой тастап жатса, біздікілерге не жорық?

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

13 responses »

  1. Tarazkyzy

    Менің бөлем бар, жолдасы әскери қызметкер. Жылда жаңа қалаға көшіп жатады. Соған қарамастан 3 жыл қатарынан 3 баланы дүниеге әкелді. Осы темппен 30 жаста 5 баламен ып-ыспакойно отыруға болады екен:-). Әрине жас кезде, денсаулық бар да табу керек баланы.
    Бірақ бөлеммен әңгімелесіп отырсаң, ойы мүлде басқа жақта, отреченная дей ма. “Хроническое недосыпание ғой менде. Осыған да шүкір, бірақ шаршааааап кеттем кейде. Сондықтан ойланыңдар” – деп кеңес беріп қояды бізге.
    Пы.Сы.Жасымыз 18-де болса ойлануға болар еді, 25-тен асып қаша көп балалы боламыз деп тағы ойлаймын.

    Жауап беру
    • Мен де бір тәтені білемін жасы 30-да жақында 6-н босанды, 11 жылда 6 бала табу оңай емес, әрине. Бірақ, Алланың бергені. Ол кісі де шаршап жүр, денсаулықты айтсайшы бәрінен бұрын. Тек кейбіреулерге спираль тұрмайды, ауыртады, үнемі дәрімен не басқа затпен сақтану – тағы қолайсыз. Негізі бұрынғы кісілер үзбей емізіп жүрсең көтермейсің дейді, ал қазір олай емес, не экологиялық жағдай, не басқа бірдеңе…Баланың көп болғны жақсы, “үзілмейтін құлшылық” күйеуім айтпақшы, тек арасында демалып алу керек.

      Жауап беру
  2. Тәуба. Жалпы орыстар баланы жек көреді. Өздерінің өмір қызығын алып қалуына кедергі келтіреді деген ұғым сіңіп кеткен. Сондықтан бір бала туып алса соған мәз. Одан артықты қаламайды. Ал қазақ болса қанша бала болса да тәңірінің бергеніне разы. Бір қой егіз тапса, жусанның басы айыр бітеді дейді.
    Менің жұбайым тұңғышын былтыр дүниеге әкелген. Енді екіншісін күтіп отырмыз. Шүкір тәңір бергеніңе дейміз қанағатшыл ниетпен. Басқа жұртты тыңдасақ біз бала бағуға мүмкіндігіміз жоқ (пәтер жалдап тұрамыз, жалғыз жалақыға қарап отырмыз деген сияқты). Сонда орыстар секілді жас кезінде дүниенің қызығын өзім ғана көремін деп эгоға бас ұрып, қартайғанда жұрт көзін сүйледей көрініп көшеде қаусап ілбіп жүру керек пе? Не баласыз, не немересіз, қараусыз панасыз?
    Қазақ үйі толы бала, немересіз отыра алмайды. Қарттықтың қиыншылығын ішкентайлардың қылығымен, келін балалары, ағайын туыстарының қамқорлығымен білмей кетеді. Лайым осыған бізде жетелік.
    Қазіргі күндегі “жанашырлардың” сөзіне мән бермеген жөн.
    Мысалы біз жеті ағайындымыз. Араларымыз 1 жылдан ғана. Бізді дүниеге әкелген ата-аналарымызға алғыс айтамыз. Олар да қуанып жүр. Балаларымыз көптігі қандай жақсы. сол кездің қиыншылығы жас кезімізде аса сезілмеп еді дейді.

    Жауап беру
    • Сізбен толықтай келісемін. Уйіміз болады, жалақымыз көбейеді дейтіндей біз ертеңге көзіміз толық жетіп тұр ма екен? Үйінің кілтін алып, ашпастан кеткен қаншама жан бар? Алла сақтасын, әрине. Дегенмен, Алланың бүгінгі бергніне тәубе еткен қазақ емес пе едік? Орыстардың да баласы көп қарап отырсаңыз, тек олардың бірнеше күйеуінен болуы мүмкін. Оларда бұл қалыпты дегендей. ….Сіздің отбасыңыз үшін қуаныштымын. Алла балаға өмір берем десе “жанашырлардың” жанайқайына қарап қалмайды, сондықтан да әйеліңіз аман-есен аяқ-қолын бауырына асын! 2 бала қатарласып тез өсіп кетеді деген ойдамын.

      Жауап беру
  3. Негізінде екі кішкентай баламен қиын. Көріп жүрген соң айтады ғой. Әйтпесе бағатын әрине өзіңсің ғой. Аман-есен босанып, бақытты ата-ана болыңдар деп тілеймін! )

    Жауап беру
    • Ақзере, айтшы, өміде оңай не бар өзі? Баласыз жүрсең де қиын, жұрттың сөзі, сұрауы, қызығушылығы, басқалардың баласымен қыдыруы – бәрі-бәрі жүйкеге тиеді дегендей. Ал, бір кішкентай баламен оңай деп ойлайсыз ба? Тура сондай қиындық….Жылайды, тұрам дейді, шығам дейді, жүрем дейді, т.с.с. Одан басқа егер үйленбесең одан да қиын, жасыңды ойлайсың, ананы ойлайсың, қашан үй болғанша деп мынаны уайымдайсың, т.с.с. Үйленген соң тағы қиыншылықтар: үй жоқ, қайтеміз, ертең бала бола қалса не істейміз, осылай кете береді….Айтыңызшы, енді, сіздіңше, бұл өмірде оңай не бар?

      Жауап беру
    • Дә? Қиын ба не? Өзіңіздің неше балаңыз бар, Акзере? 5? 10?

      Жауап беру
  4. Әдемі, жеңіл, әрі тым ойлы мағыналы жазба екен. Қатты ұнап қалды. Қызықтырып жібердіңіз әрі… Балалы болуға жазсын, Құдай, ал сіз өзгелердің сөзіне тіпті мән бермеңіз… суреттер әдееееміііі екен…

    Жауап беру
    • Көптен бері урдпрестің уақытша ашылмай қалуы мен шығамашылық тоқырауым қатар келіп, блогым жетім қозыың күйін кешіп қалған…Ұнағанына қуаныштымын…ИншАлла, ана болғайсыз!

      Жауап беру
  5. Әлдидің блогының оқырманы

    Өзіңдей жа қыздарды көргенде тфәй тфәй деймін! Өсіп-өне берейік. Қайта осындай заманға қарамай дүниеге сәби әкеліп жатқан жас отбасына бәрекелді деуіміз керек. Димаштай тәп-тәтті бөбекті бәріміз күтеміз!

    Жауап беру
  6. Әлди-ау,әр баланын өз ризығы бар емес пе? Дуниеде бір төл туылса, бір шөп артық шығады демекші, Аллахым бәрінің де есебін біледі.
    “Балалы уй -базар” деп қазекем айтқандай, хан сарайындай үлкен уйде мазар секілді тұрып жатқандар көп,не қызық?Тар болса да бақыт пен шаттыққа,сабидің уіілі мен күлкісіне тола уйге не жетсін?!!!!!!!

    Жауап беру
    • Соны айтам….Баласы жоқ, куйеуге тимеген қыздар да бала бағудың оңай еместігі туралы ақылсымақ айтатыны таң қалдырады. Балапандарымызды бағу үшін Аллах бізге күш-қуат берсін!

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: