RSS Feed

Нәм-нәм…

             Барлық пенде өз баласының ақылды, көңілді, айтқанды қылғыш, ынталы болғанын армандайды, бірақ көп адам бұл қасиеттердің барлығы баланы қалай тамақтандыруға байланысты екенін біле бермейді.

            «Жей ғой, балам, асай ғой,» – деп ата-әжесі баланың аузына тәтті тоқаштар мен майлы сүтті, одан қолса еттің майын тықпалайды, «көкөніс пен жемісті көбірек беріңіздер,» – деп жатады дәрігерлер, «шоколад, кола, чупа,» – дейді балалар.

          Қазіргі заманғы ата-аналар 3 үлкен топқа бөлінетін көрінеді.

         Біріншісі – «өзгермейтін консерваторлар». Олар дәстүрлі кеңестерді ұстанады: өздерінің ойынша «зиянды» болып табылатын барлық нәрсеге тыйым салады. Оларда «барлық дәрумен өз орнында» Бала туылғаннан бастап 1 жасқа дейінгі тамақ рационы мен тәртібі жазулы тұрады: 6 айға дейін емізу, қосымша тамақ – тек педиатрлардың ертеректе жасаған жүйесіне сай (шырындар, жемістің, көкөністің езбелері, жасқа жақындағанда ет пюресі, т.б.) , 2-3 жасқа дейін шоколад, пакеттегі сусындар деген артық ауыз заттар мүлдем бермейді. Оған қоса қатаң тәртіп, бәрі өз уақытында, арасында бірдеңемен жүрек жалғау, балмұздақ дегендер атымен жоқ.

         Екінші топ – «тәжірибе жасаушы ата-аналар». Олар баланың тамақтануын өздерінше түсінеді: мүмкіндігінше әр түрлілік, не керісінше, моно-рациондар (ішекке күш салып жібермеу үшін), баланы оның қалауынша емізу, ал мектеп жасына дейінгі не мектеп жасындағы баланы «жегің келмесе, жеме» принципімен тамақтандыру, 4-5 айдан бастап бала үстел үстінен қолына нені алса, соны жеуге тырысады, экзотикалық тамақтар мен фаст-фуд – ешқандай да «ой, масқара» емес, ал «онда не тұр, дамуы үшін пайдалы ой, дәмін татсын» деп жатады.

          Ата-аналардың үшінші сатысы – бұл барлығын өз ретімен, яғни өмір ағымымен жіберетін, ешқандай принцип ұстанбайтын, бірақ баласы да тыныш әрі тоқ ата-аналар. Олар кейде қатып қалған консерваторлар сияқты немесе кейде гамбургер мен сағызға, газды сусынға қалыпты қарайтын тәжірибе жасағыштар сияқты да болуы мүмкін.  Ондайлар көбірек. Кей отбасыларда бірінші балада ата-аналыр консерваторлар болады да, ал екіншісіне бәріне рұқсат береді, не керісінше.

          Баланы қалай тамақтандырам десеңіз де – өзіңіз шешесіз, тек мұның оның дамуы мен тәртібіне қалай әсер ететінін білу – пайдалы.

         Сонымен, «қатал консерваторлардың» балалары көп жағдайда тыныш. Бірақ уақыт өткен сайын «болмайтынды керек» не «мынаны жегім келмейді» деп мазаны алуы мүмкін. Мұндай ата-аналарда әдетте алғашқы 2-3 жылда «бала түк жемейді!» деген мәселе тұрады, дегенмен бала тың, әрі өз қатарластарына қарағанда тығыршықтай көрінеді.  Алғашқы жылдарында «уақытымен» тамақтанған бала мектептік өмірге оңай бейімделеді. Егер баланың тамақ құнарлығы қажетті микроэлементтердің барлығын: магний, кальций, калий, йод, майлы омега-қышқылдар және т.б. қамтыса, онда балалардың физикалық та, саналық та дамуы қатарластарына қарағанда жақсырақ дамиды. Егер бала астағы бір ізділікке үйреніп алса, онда өмірде де тиянақты, өзіне және өзінің денсаулығына мән беретін, айналасын оқытатын «кішкентай қарт» болуы мүмкін.

           Тәжірибе жасағыш ата-аналардың балалары көбіне бір орында маңқиып отыра бермейтін, бәрін білуге құштар және өнертапқыш болады.  «Қашан және қанша қалайсың» деген тамақтандыру жүйесі оларды есептілікке үйретеді, тіпті кейде өзіне көп алуға, болмайтынды қалауға тәрбиелеуі мүмкін. Мұндай балалар қатарларымен де, үлкендермен де еркін сөйлесе береді, өз-өздеріне жауап бере алады. Тамағында ақуыздың тым көп болуын қадағалап отырған жөн, әйтпесе ол жалқаулыққа, көріп-білу белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Егер бала алғашқы жылдарында-ақ түрлендіргіштер мен дәмдеуіштердің, түрлі химиялық қосылыстардың небір түріне тойып алса – бұл мектеп кезіндегі қобалжуларға, гипер не гипобелсенділікке жеткізуі мүмкін. Ми туылғаннан бастап 10-12 жасқа дейін белсенді түрде өседі, сондықтан да ең болмағанда аптасына бір рет: ет, балық, сүзбе, жұмыртқа жегізу керек. Йод, майлы қышқыл мен магнидің жетіспеуі –  тез шаршаудың, жылаңқылықтың белгісі.

         Баланың тамақ жеу жүйесін жоспарлауға жай қарай салатындардың«ағзаның табиғи қалауына» сенуі – олардың қателігі болып табылады. Бала өзіне зияндыны жемейді ғой, «ағзасы қажет» етіп тұрған соң тыймау керек. Ой ақылға қонымды болғанымен, баланың да әлеуметтік жаратылыс екенін ұмытпау керек. Олар да қоршаған ортадан үлгі алады, олардың әдеттерін айна қатесіз қайталайды, 3-6 жасында жарнамаға сенеді де, оның ағзасы гамбургерлер мен фриді қажет ете бастайды.

          Сол себепті де тәрбиедегі ағаттықтарды іздеп, психологтардың есігін тоздырғанша және баланы тынымсыздығы үшін мазалай бергенше, ата-аналарына оның дұрыс тамақтанып жатқан-жатпағаны туралы ойлану керек секілді.

                      Құрметті, ата-ана, балаңыздың тамақтану жүйесін қалай жоспарласаңыз да өзіңіз білесіз, тек тағамы адалдан болғай! Себебі, ел арасындағы жатырда жатқанда-ақ анасы ұрлап дәм татқан балалардың ұрлықшы болып туылғаны туралы әңгімелер бекер емес. Адал астың адал азаматты қалыптастырары даусыз ғой. Ал, кім баласын адал болмасын десін?!

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

2 responses »

  1. 12aikon1986

    Рахмет, өте пайдалы кеңес екен.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: