RSS Feed

… бұл сәбиді алдырып тастауға шариғат рұқсат бере ме?

     (Сұрақ-жауап http://www.muftyat.kz  сайтынан алынды) Ана құрсағындағы сәбидің (эмбрион) 2-3 айлық немесе одан да көп уақыт өткеннен кейін медициналық сараптама нәтижесінде мүгедек туатындығы белгілі болса бұл сәбиді алдырып тастауға шариғат рұқсат бере ме?

       Әйелдің жұмыртқа жасушасы мен еркектің аталық спермасы бірігіп ана құрсағына жабысып қоректене бастағаннан-ақ оны (эмбрион) белгілі уақыттан кейін дүниеге келетін бала (адам) деп қарауымыз керек. Өйткені қылмыс немесе күнә ретінде бұл балаға (эмбрион) қарсы жасалатын әрекет пен дүниеге келген сәбиге қарсы жасалатын әрекет арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Ислам жаза құқында ана құрсағындағы баланың түсуіне себеп болған адам жаза ретінде құнын төлейді; бұл жаза құрсақтағы сәбидің адам санатына жататындығының бір дәлелі.

       Бұған қоса көп жағдайда дәрігерлердің сараптама нәтижесі дұрыс болмай жатады. Бұған мысал ретінде жақын танысымның басынан өткен оқиғаны келтіре кетейін: “Жақын таныс жігіттің әйелі аяғы ауыр болып 3-4 айдан кейін медициналық сараптама нәтижесінде құрсақтағы шаранаға “синдром дауна” яғни нәресте мүгедек болып дүниеге келеді, дұрыс адам болмайды алдыру керек дейді. Бірақ жігіт пен жұбайы алдыруға келісімін бермеді, дүниеге дені сау нәресте келді”.    

      Сондықтан шариғатта ана құрсағындағы сәбиді мүгедек дүниеге келеді деп өлтіруге рұқсат жоқ. Өйткені Исламда дүниеге келмеген мүгедек сәби (эмбрион) мен дүниеге келген мүгедек сәбиді өлтірудің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Екеуі де күнә әрі қылмыс саналады.

     Егер білікті дәрігерлер тарапынан ана құрсағындағы шарананы алдырып тастамаса анасының өміріне қауіп төнетіні нақты анықталған жағдайда ғана оны алдырып тастауға шариғатта рұқсат етіледі.     

Серікжан ЕНШІБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ-ның
шариғат, пәтуа бөлімінің қызметкері

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

4 responses »

  1. Бір таныс апайым аяғы ауыр кезінде Алматылық дәрігерлер синдром дауна деген диагноз қойған (жалпы 40 жастан асып көтерген келіншектерге осылай қайдағы жоқ диагноз қоя береді бізде). Ештеңесі жоқ, Қытайға барып тексертіп келді, аман есен босанып алды. Осыдан кейін дәрігерге сеніп көр😦

    Жауап беру
    • Қазір Астанада бір жаңадан ашылған перзантханада жаңа аппараттар скрининг, яғни балада дауна, т.б. синдром қаупі бар-жоғын тексереді. Сондағы су жаңа аппараттардың сезімталдығы сонша, екінің бірінің ішіндегі баласында синдром дауна, болмаса басқа да синдромдарды сылтауратып шақыртып жатады. Осымен 3-ші адамнан естідім, “низкий риск” болса да, шақыртып ап туылмаған баладан анасының кіндігі арқылы анализ алуды алға тартыпты. Олар алдырмапты, дегенмен көңілде кішкене болса да кірбің қалады ғой. Жүкті әйелге бәрі уайым дегендей…

      Жауап беру
  2. Назгүл

    Мен үшінші баламда скрининг жасаттым. Бес айлығында. “Инвазивное кариотипирование” деп атайды екен өздері. Егер шынымен Даун болып шықса, алдырамын деп шештім. Өйткені, баланың өзіне де обал, алдындағы екі үлкен балаға да обал. Ең алдымен соларға обал деп ойладым…
    Алла өзі кешірсін деп, күпір ойға бардым.
    Бірақ, Аллаға шүкір, сап-сау бала әкелдім дүниеге. Қазір жеті айлық, жағалап жүр.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: