RSS Feed

Мыналардың басынғанын-ай…

                Бізде (дәлірек айтсам, Астанада) ештеңе де 1 күнде ітпейді ғой өзі. Бір шаруаң болса, міндетті түрде сандалуың керек. Бірінші баламда бір емханадан бәрін бітіріп қайтушы едім (Алматыда, әрине). Астана әлі күнге қызмет көрсету саласын бір жүйеге келтіре алмай келе ме, қалай өзі?
               Кеше таң ата салысымен кезекті бір сандалысымызға барып қайтпақшы болдым. Жолдасым көлікпен жеткізіп салса, қайтуын көрерміз деп ойлағам…Қайдағы? Үйден шыға салысымен бұзылған көңіл-күй өтіп кетті.
                Жолда көлікке май құймақшы болып күйеуім май құю бекетіне тоқтаған, сондағы кассир-орысқа: «2000 теңгеге құям» десе, анау бірдеңе деп түсінбейтінін айтыпты, оның үстіне айқайлап, жеке басына тиіскен. Әттең, уақыт, қимаймыз-ау сені осындайда. Бір ашуланып алдық. Асығыспыз. Ашуландық та, кеттік.
                          Негізі біздің емханалардың көбінде дерлік қан алу лабороториялары бар. Бірақ, мені неге екені түсініксіз (түсіндіру деген атымен дамымаған ғой) эндекринолог ханым жеке емханаға ақылы түрде гормон тапсыру керек деген желеумен шығарып салды. Естуімше, 1 ай бұрын келіншектер осы емханада-ақ тегін тапсырыпты-мыс. Осы кезге дейін қаншама рет қан алып жатыр, әрқайсысы есіне түскенде бір тапсыртпай, жүйелі түрде жұмыс жасаса болмас па екен? Бұларға біз бір «бездельникпіз».
                   Ақылы емханаларының ең жақынын таңдап қан тапсыруға барсам, масқара! Қызмет көрсету нөл, есесіне бағасы ұшып тұр. Орыс типтес қазақ қызынан бірдеңенің бағасын қазақша сұрасам, тіл қатпайды. 3 рет сұрадым мен де қоймай. Бір кезде «общая сумма 4700 тенге» деп қояды. Сосын мен: «Құлағыңыздың ақауы бар ма еді? Мен 3 рет қазақша сұрадым ғой, неге жауап бермейсіз?» – дедім. Үндеген жоқ… Бір орыстан жіберген дәрігерін сұрап қояр емес, «ең құрығанда атын айтыңыз» – деп, мені жіберген бір пысық дәрігер екен тегін қағазға жазып жіберіпті. Ішімнен шамасы соларға пайыздық үстемақы түсетін шығар деген ой қылп етті. Тар жерде тығылысып бір кісі тұр қасында, «бақсам, бақа екен» дегендей, ол – кассир екен. Ана қыз біресе қабылдауда отырады, біресе қан алуға жүгіреді. Сосын ана кассир көзілдіріктіден: «Бүкіл жұмыс осы қыздың мойнында ма еді?» деп сұрадым. Сөйтсем, басқасы бар көрінеді, сұранып кетіпті.

                   Қызық…жеке меншік секторы «әр клинет үшін – жан пида» қағидасымен жұмыс жасауы қажет қой. Бақандай соманы алады да тағы. Бұл жолы да асығып отырған жолдасым мен күтіп отырған баламды ойлап арыға бара алмай қайттым, енді ертең нәтижесін алуға барғанда көремін. Оларға сенің тілің беш тиын. Уақытың да сондай. Жалғыз оларға емес-ау, мемлекетке де сондай сияқты тура. Мемлекеттік органдарың да пүшке дейін, үштен кейін кел, ертең кел, арғы күні соғыңыз деп есіңді тандырады. Бүгін ақыры келдіңіз ғой, мыналарды бітіріп кете аласыз деу жоқ. Солар ғана жұмыс жасап, солар ғана шаршап жүр.                Бір түйгенім, жүктілік деген – жұмысы жоқтықтың, қолы бостықтың, сенделуге себептің белгісі екен біздің елде!

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

10 responses »

  1. Tarazkyzy

    Айс, сенің емес, оқып отқан мына менің нервім устап кетті:-). Мұның аты – пофигизм.

    Жауап беру
    • Айтпа деймін..енді бүгін нәтижесін алсам, тегімді қате жазып қойыпты. Оны алу үшін демалыстан кейін келуім керек екен. амалсыздан қат тегіммен кете бардым, себебі демалыстан кейін тағы сенделгім келмейді.

      Жауап беру
  2. мен кезінде гармонға қан тапсырамын деп жиырма мыңнан ақша тастағам. Ал жуырда Республикалық клиникада маған қатерлі ісік болуы мүмкін, мынандай дәрігерге барып, пункция жасатыңыз деді ғой! Зәрем ұшып, үш түрлі дәрігерге көріндім, жоқ бәрі норма деп жазып берді. Бәрі ақша үшін. Оның үстіне сені адам деп тұрған ешкім жоқ. Соған қиналасың.

    Нервыңды құртатыны сонша, емделудің орнына, қайта ауырып келетін секілдісің!

    Көп жүйкеңді құртпа, екі қабат болу деген еріккеннің ісі емес, ең жауапты жұмыс))

    АЛЛА жар болсын)))

    Жауап беру
    • Мә, Айжанұр, сенесің бе, эндекринологтан сұрасам Астана қаласы бойынша қалалық емханалрда гармондарды зерттейтін жақсы аппарат жоқ екен. Бар аппарат көне, 1 айдан соң ғана нәтижесі шығады, оған дәрігерлер сеніңкіремейді екен. Масқара! Жекеменшік емханаға мөлиіп қараған түрің құрсын, мемлекеттік емхана!

      Жауап беру
  3. аудиограмма тапсырмақ болып, таңғы 8-де ерте барып алайын деген дәмемен барсам алдымда 15 адам ғой тура, тіркеулі емханамда)))
    “еще жастарға не жоқ и, бізді қойч жас келді”- деп орыс апалар отырып алған, отыратын орында жоқ. кезегім 12де бірақ келді((( Бастыққа 1,5 сағатта келемін деген, сотада тыныштық жоқ))) менде отырған екенмін доконца отырамын деп кіріп барсам, мені 5 мин. қабылдады))) құдай ауыртпасын, дұрысы мед.страховка болса, онда ақша болса жақсы дүние екен😉

    Жауап беру
    • Дәл солай…таң атпай барғаныңды олар қайтсін, асықпайды, 12-1сіз шықпайсың. 1-дің кезі түскі үзіліс болған соң жіберетін болар, бәлкім. УЗИ-ге таңғы 8-ді жазып береді, бірақ қабылдау 10-да басталады. Оған дейін жүреді ішінде. Көзіңді бақырайтып қойып солай етеді.

      Жауап беру
  4. Қазақша білмей, өз қызметін дұрыс атқармайтын қаны қазақ бірақ жаны орыстарды видеоға түсіріп алу керек.

    Жауап беру
  5. ужыыс.Құдай ау бір бала табудың өзі мұң ғой андағыдай тірлікпен. Бүкіл нервыны жеп бітеді ғой.
    Мына блогқа алғаш кеппін айтпақшы

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: