RSS Feed

Смс келе ме деп…..

         Үлкендер: «Біз де жас болғанбыз,» – деп жатушы еді. Солай дейтіндей кәрі боп тұрған ештеңем жоқ. Тек есейгенде естелік болсын деп жолдасымның үйленбей тұрған кездегі де, қазіргі де смстерін, хаттарын жинап жүруге тырысатынмын. Соның біршамасын  блогымның оқырмандарына ұсынып отырмын.

 Сегодня 14:56 ___  добавила запись в гостевую книгу __
Сегодня 07:42 ___  добавила запись в гостевую книгу __
Сегодня 07:32 ___ добавила запись в гостевую книгу  __
Сегодня 07:26 __  добавила запись в гостевую книгу ___
Сегодня 07:21 __  добавила запись в гостевую книгу  __
Вчера 15:50 ____ подружилась с ____________
Вчера 15:45 ____ добавила запись в гостевую книгу __
Вчера 15:44 ____ подружилась с ______
еще »
Біздің  де “қонақ кітапшамызға” екі ауыз сөз жазып қойсаңыз қайтеді осы?

                                       («мой мир» хаттарынан)

————-, амансың ба, барсың ба?
Жұлдызсың ба, түнсің бе, жоқ таңсың ба?
Сізге қолы жетпей жүрген дәл мендей,
Алде Сен де біздің сөзге зарсың ба?

                                     («мой мир» хаттарынан)

Не десем екен, не десем екен Сізге мен?
Ашылсам ба екен, арманым Сіз деп іздеген?
Калсам ба унсіз, журсем бе жалгыз ізбенен?
Не десем екен Сізге мен?

Сіздегі арман, мендегі арман, үндесіп,
Тербеліп жатыр сәби-мұң салған бір бесік.
Сіздегі күнді әуреге салған ойлармен
Келемін мен де күн кешіп.

Маған да оңай деймісің қазір сынақ шақ?
Оңай-ау кету араны бірден жырақ сап.
Бейкүна сәби сезімге обал болмай ма?
Себепсіз жардан құлатсақ.

                                    («мой мир» хаттарынан)

 Жұмыста отырмын деп Мой Мир ақтарғанды қою керек қой жалпы. Қашан жұмыс істейсіңдер осы? Кызықсың, __________! ___________ сенің жұмысыңды бітіріп бермейді гой. Одан да шаруларыңды бітірсең етті… с/н: бастығың.

                                     («мой мир» хаттарынан)

 Қайдасыз, арай бағым?

Аман ба, қалай қалың?

СМС келе ме деп,

Соткама қарайладым…

                                                       (смс)

Біреулерге шырақсыз,

Біреулерге сұрақсыз

Соңғы кезде Мой мир менен агентте,

Көрінбейсіз,

Жырақсыз.

Көптен бері ойдың интернетінен,

Шықпай жүрсіз бірақ Сіз.

                                                         (смс)

Аралдың қызы арайлы,

Арқада таң қып талайды.

Жүрсің бе, қашан сәулеңіз,

Алматы жаққа тарайды?

                                                         (смс)

Біздікі сол – сәл көрмесе сағыну,

Сіздікі сол – қысқа ғана қайыру.

Смсті жолдау деген – ауру,

Жауап алу – айығу.

                                               (смс)

 Жаныңның жанарынан
Мен бүгін мұңды көрдім.
Узіліп сабағынан,
Кетердей күлгін ернің

Буртиып тұрды, елігім,
Сездіріп шаршаганын,
Неліктен үрледі мұң,
Жайдары жан самалын?

Жүруші ед күлкің де ылғи
Уйқымды ұрлап кілең.
Жатқанда бір түн күлмей,
Жарасып тұрды-ақ білем.

Ши тауып жоқ бәледен
Сынаған кезің де әсем.
Бұртиған, өкпелеген,
Жылаған кезің де әсем.

Мұңайдың жарты сөтке,
Жанына қос жылулық.
Жымиған жалкы сәтке
Жетпейді еш сұлулық!

                                                    (смс)

“Теріс бата”.

 Білім деген ең биік құзда қалғыр, ___!
Сотта, топта орнымен қызбаланғыр,___!
Жамандыққа қашанда сыздап алғыр,__!
Дос біткеннің бәрімен тату болғыр, ____!
Гос біткенің бәрінен жүз бал алғыр,_   !       

                                     (смс)

Тәтті ұйқы, тыныш түн,
Тамаша түс – сыр ұшқын.
Жайлы төсек, жақсы орын,
Мені ойлауға кіріскін!
                         (смс)

Елестей болып ертегімдегі,
Батырдың мені қаншама мұңға.
Сәби мінезді тентегім, мені,
Сағындырудан шаршамадың ба?
                                                          (смс)
 
…Әлде кодекс құшып тағы да тәтті ұйқыға кеттіңіз бе? Сол кодекстің орнында мен болсам ғой, шіркін -ай..(смс)

17 responses »

  1. “Төлеген сенде арман жоқ, Төлеген сенде арман жоқ”, ал мен айтар ем, “Әлди-ау,сізде арман жоқ, әлди-ау сізде арман жоқ”. Мынандай өлеңдерден кейін, тау иіліп, тас жібиін деп тұрған жоқ па…🙂

    Жауап беру
  2. Кызықсың, __________! ___________ сенің жұмысыңды бітіріп бермейді гой. Одан да шаруларыңды бітірсең етті… с/н: бастығың.//
    служебный роман?🙂

    Жауап беру
  3. Не деген сөздер! :)))
    (жымиып отырып оқымау мүмкін емес екен!)

    Жауап беру
  4. Бахыт

    Жарасады!

    Жауап беру
  5. Ех! Керемет! Бакытты болындар!))

    Жауап беру
  6. керемет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: