RSS Feed

Босану – оңай, толғағы – қиын…

                           Аяғым бірінші балама ауыр кезде  ауылға бардық, содан сырт киімім тар болып, уақытым таяп қалса да жеңілдеу бірдеңе қарайық деп жолдасыммен базарладық.  Бір жерде көңілге сонша қонбаса да, әзірге киіп жүруге болатын бір плащ кезіктірдім. Бәрібір алды түгел жабылмайды екен, кішкене ашық тұр. Сөйтсе, сатушы: «Өй, не 1 айдан соң, туып тастайсың, болды…ары қарай кие бересің,» – деп қояды. Күйеуім екеуміз күліп алдық. Мен айтам: «Мәәә, туу сонша оңай ма екен? Туып тастайсың деп қояды ғой,» – деп.

            Бірінші балада сақтандырушылар көп болады негізі. «Ойбай, абайла! Ауыр көтерме! Иттен шошып кетпе! Жалғыз қалма!» деген секілді ескертулерден шаршап кеткенде іштей ойлайсың «Ту, не болды сонша? Осы елдің бәрі өлмей, дым қылмай туып жатыр ғой, ауырсам, жедел жәрдем шақырам да, барып туа салам,» – деп қоясың. Ол әлі босанудың қандай екенін көрмеген кездегі «сасық» ойың ғой.:-)

           Сонымен не керек, уақытың жетіп, толғағың басталғанда ғой қызықтың көкесі. Толғақ – жатырдың тарылуы.  Мә…өзі арасына уақыт салып қысады екен толғақ деген…Кейбіреуде 5 минут, кейбіреуде одан аз не көп дегендей. Бірақ, сол уақытта аспан айналып жерге түсетіндей дөңбекшисің. Базбіреулерге жүрген ұнайды сол кезде, басқаларға жатқан, кейбіреуге секірген не жүгірген …Көп әйелден естігенім осы сәтте бәрі Алланы еске алады екен. (Түс көргенде не түшкіргенде еске аламыз деген өлең жолдары бар еді ғой..:-)) «Білетін құл-ху Алламды айттым,» – деп көбісі еске алған кейін.

           Өткенде туған аулыма барып, біраз күн болып қайтқанмын, сонда естігенім уақытың жақындаған сайын көп жүріп, көп қимылдасаң, оңай босанады екенсің. Негізі бірінші балада толғақ уақыты ұзақ болады дейді. Алайда, бізде қала келіншектеріне қарағанда ауыл әйелдері көбірек қыбырлайды ғой, сол себептен толғақ уақыты аз болатын көрінеді. Көзкөргендер жүктіліктің соңғы айларында 2-3 реттен еңкейіп еден жуған дұрыс деген. Ең бастысы толғаққа шыдап, өтіп кетсең, босану деген – оңай-ақ. Мәселе сол, толғақ кезінде айғайға басып, не жаздым деп жер тепкілеп, өкіріп, бақырып, күшіңді жоғалтып қоймасаңыз болды. Енді аһылап-үһілемейтіндей сонша жеңіл емес, бірақ сонда да Алла әр адамға көтере алатын сынақ береді дейді емес пе?! Босану кезінде де, жарды не дәрігерді ұрғылап, қатты дауыс шығарып, шаршап қалмаған абзал. Дәрігердің айтқанын орындау және барыыыыыыыынша шыдап бағу керек. Не тырысу керек. Өзім аузыма беторамал тістеп, қатты дауыс шығармай, күшенуге тырыстым. Алайда, мүлдем үндемедім дей алмаймын.

         Баланың басы шығып кеткен соң, ой керемет сезім билейді өне бойыңды. Бір аналарға: «Аяғын кім туады?» – деп ұрысатын көрінеді. Ерекше сезімге балқып, өзіңді бос жібере салуға да болмайды екен. Одан әрі баланың жолдасы шығады.

             Қазір босанған әйелдердің үстіне мұз қою көп жерлерде жүзеге аспайтын көрінеді. Менің үстіме қоймады, мысалы. Мен ауылда босанғам. Кеңес Үкіметінің кезінде қан тезірек тоқтасын деп ішіне мұз қою үрдісі болыпты-мыс. Бір кісілерден сұрағанымда: «Сол дұрыс емес екен. Әйел ауруларының көбіне бастама болатын көрінеді. Денесі босап жатқан әйелдің үстіне мұз қойған не сұмдық? Ол сол заманда біздің келіншектер аз бала тапсын деп жасалған,» – дегенді естідім. Нақты анық-қанығын білмедім. Босанған соң көп жерде баланы анасының үстіне қояды не жай крсетеді. Ол да бір өзінше сезім болса керек.Осы ретте бір нәрсені ескерген жөн: баланың түрі сіз елестеткендей болмайды!

         Аман-есен босанған соң, 2 сағаттай туу бөлмесіне тастап кетеді, ұйықтап кетпеу керек, себебі жүрек жүріп кетеді деп түсіндірді. Ол, меніңше, қаннан, қалдықтардан толық тазару үшін болуы керек. Акушер келіп ішіңді қайта-қайта басады, қалдық қалып қалмасын дегені. Қалдық қалған күннің өзінде ыстығың көтеріліп, басыңды ауыртып, мазаңды қашырады. Бірақ, босанған соң бірден тазаласа, жеңіл өтеді. Кейін бала туу кезінде қандай жағдайлар болғанын сұрай бастайсың. Жырық түсті ме, әлде түспеді ме дегендей. Себебі, ол кезде сезбей де қаласың. Сосын өзіңнің босану ерекшеліктеріңе қарай медициналық ескертпелерді сақтайсың.

Пысы. Бірақ, мен ешкімнен «Ой, мен бардым да, туа салдым» дегенді естімеппін. Әркім өзін – ең қиын босанған әйел санайды.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

30 responses »

  1. Гауһар

    Кенестеринизге улкен рахмет!!! Есимизге сактап, жадымызда жаттап журермиз, Инша Аллах!!! Алла разы болсын!!!

    Жауап беру
  2. Керемет! Перзентханадан “тірі” репортаж жасағандай болдыңыз.

    Жауап беру
  3. 12aikon1986

    Біздерге жақсы ақпар🙂 Рахмет!

    Жауап беру
  4. Менің бір құрбым үлкен энциклопедия сатып алып, сол жердегі жаттығуларды бәрін жасап жүрдім деген ед. Өзін қатты зерттеп, кейін жақсы босанды құдайға шүкір.
    Қазіргі кезде көзі ашық адамға осындай пайдалы ақпараттар көп қой, соны дұрыстап қолдана білу керек деп ойлаймын. “Ғасыр өмір сүр де, оқы” деген ғой аталарымыз ))

    Жауап беру
    • Иә, мен де кітап оқып, материал іздеп, әуреге қалып жүретінмін…Бірақ, ол кезде оны еске алуға мұрша болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Тек әуелі Аллаға, кейін дәрігерге сенесің…

      Жауап беру
  5. алматыдағы перзентханаларда жағдай нашар деп естимін. дәрігерлер қатал дейді. босанғаннан кейін нәрестенің қолына жазып қоятын шығар, әйтпесе ауысып кетуі де мүмкін ғой. сондай жағдайлар болған деп естимін

    Жауап беру
    • Мен ауылда босандым, дәрігер де тәжірибелі әрі таныс болды. Алматыда солай деп мен де естігенмін. Бірақ, қазір барлық баланы тііп бір бөлмеге жатқызып қоймайды, босанып, палатаға шыққан соң бірден қасыңа әкеліп береді…Бұрын ауытырп жіберу көп болған деп жатады…

      Жауап беру
  6. Жакында біздін группалас курбымыз босанды. Ползунки-памперсіміз бен мәмпәсилерімізді көтеріп, жетіп бардық “құтты болсын” айтуға))) “Сиырға туған күн бұзауға да туады” “Қалай болды?” деп сұраймыз ғой баяғы)) Босанған құрбымның айтқаны “Пила-5”-тен де қорқынышты боп кетті ғой. Бірақ әйтеуір, балаңды бауырыңа салғаннан кейін, борп-бор етіп еміп жатқан ботақаныңды көріп, бар қиындықты ұмытып кетесің дегенінен кейін барып “ух” дедік🙂
    Алланың құдіреті-ай десеңші!!!

    Жауап беру
  7. super! rahmet!
    oz basynan otken dunieni jazsa unaidy magan, oitkeni bukil emocia beriledi kagazga. Al auyzben aiu jenil goi🙂

    Kuwti, sabilerinizdin bakytyn koriniz :))))

    Жауап беру
  8. коркып кетеді екенсін…. нешауа баска салганды корерміз. менін курбым муз койгасын карным шыкпай калды деп журетін, сойтсе зиян екен гой ия ужыыс…
    дурыс болды окып алганым. рахмет пайдалы кенестерін ушін…!

    Жауап беру
    • 🙂 Күйеуім: “қыздарды шошытып алмайсың ба?”- деп еді….Мен одан да зоры жүр ғой орыс сайттарында дегенмін…..Иә, басқа түссе баспақшыл демей ме? Қарын проблема емес екен, мен де пресс жасап, әуреге қалып жүретінмін, енем: “Ой, ертең-ақ кетеді,”- дейтін. Рас екен. Кейін бала қозғалғанда саған де тыным болмайды, сонда азып кетесің…Ал, азбасаң, жаттығулар көп-ақ.

      Жауап беру
  9. мына жерде ұнады деп белгі қоюдың өзі біртүрлі екен🙂

    Жауап беру
  10. жазбаңыз өте пайдалы екен! рахмет)) мұз қою демекші, ондай болған өз анам да айтып отыратын, ол кезде тез-тез босантып, мұз қойып қояды деп, ол әрине дұрыс емес, одан кейін бала көтеру екіталай, қазір де оның орнына арнайы мазь жағады деп естігем….

    Жауап беру
  11. вуааааа қорқынышты екен:)
    Баланы анасының кеудесіне бірден қойған өте маңызды екен,баланың психологиялық денсаулығы үшін

    Жауап беру
    • 🙂 Ана мен баланың арасындағы махаббат беки түседі демексің бе?

      Жауап беру
      • махаббат ол бір. Бірақ мында бір бағдарламадан көріп едім. бір атақты ғалым бар, нейропсихология ма сондай сала бойынша, жапоншадан тура аудармасын білмей отырмын. Бір әйел оған өзінің қызының қырсықтығы, тіл алмайды, айтсам керісінше жасай береді деп шағымданды. Не істесем болады деп. Сонда осы сұрақты қойған, туған кезде кеудеңізге салды ма деп. Иә салды деп еді. Ондай болса бәрін жөндеуге келеді деген еді

  12. Жақсы мәлеметтер екен!

    Жауап беру
  13. Бахыт

    Өте пайдалы екен!

    Жауап беру
  14. Жақсы жазылған танымдық ақпарат екен! Босанған аналарымыз баланың қыз не ұл екенін сұрағанының орнына “Бөпем осы өмірде бақытты болсын” деген тілекті іштей ойласа екен дейтін менім анам

    Жауап беру
    • 🙂. Иә, кейбір әлі босанбаан құрбыарым “Қыз керек емес,ұл болса екен”, не кей келіншектер “2 ұл болғаннан 2 қыз болған жақсы” деп жатса, ынғайсыз боп қаламын. Негізі қай қайсысының да артықтығы жоқ….Іштен шыққан соң бәрі жақсы.

      Жауап беру
  15. алтын

    я босану онай емес,басымнан өткен әнгімеңізге рахмет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: