RSS Feed

Кім айтты сізге ашық киіммен “пысынамайсың” деп?

«Хиджаб» деген немене?
         Осы тақырыпты бастап қойып, жариялаудың бір реті келмей жүрген. Қалдықыздың жазбасы ой үстіне ой қосып..
           Әңгімені «хиджаб» деген сөзден бастайықшы. Бұл сөзді мен өзім тіпті қолданбауға тырысамын, себебі ол арабша сөз. Оның негізгі түбірі «хажәбә» яғни қазақшасы «жасыру, жабу, жамылғыш» деген мағыналарды береді. Хиджабты қазақша орамал деп те атайды. Ал, енді ешкім қыздың жыбылуына, ұятты жерін жасырып жүруіне қарсы шықпайтын шығар.
            «Жалпы осы ұятты жер деген қай жер? Тізімі бар ма? Нақты мына жер деп қайда жазылыпты?» (Қалдықыздың мақаласынан) Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы.            «Нұр» сүресінде: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын…» (“Нұр” сүресі, 31-аят),– делінеді. Құранда қыз-келіншектердің киетін киімінің нақты пішімі айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін ерекше айқындамайтын кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді, әрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға сай киім киюге ислам дінінде қарсылық жоқ. Сауд Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі барша мұсылмандарға парыз емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан, Құран өлшемдерінен шықпау шартымен әр мұсылман киім үлгісін өзінің менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай, әрі өздері өмір сүріп отырған жерлердегі ауа райы ерекшеліктеріне ыңғайлы етіп таңдай алады. (Қ.Жолдыбайұлы «Күдікпен күрес», «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2008ж. 151-бет.)

«Ниетім түзу…»
            Құдайға асылық сөздің бірі – «Мен арақ ішпеймін, адам өлтірмеймін, ешкімді зорламаймын, менің ниетім түзу, намаз оқымасам да, ашық әрі әдемі киіне берсем де болады» деп айту. Ал, Құранда Жаратушы Иеміз намаз оқудың әрбір мұсылманға парыз екендігін айтады. (Сонымен қатар жабылу да – әйел заты үшін міндетті шарт.) Өйткені, әлемдегі ең ниеті түзу адамдар – пайғамбарлар болса, олар да кезінде Құдайға құлшылық жасап өткен.
           Сосын орамал таққан, яғни жабынған қыздар да пенде, періште емес. Олар да күледі, ішеді, жейді, жүгіреді, ақшасын дұрыс төленуін талап етеді, сатушының дұрыс жауап беруін күтеді. Бірде бір кісі: «Қызық орамал тағып алған, тағы жүгіріп бара жатыр…» – депті. Сонда оранған қыз құйылған қалып па? Ол да адам сіз секілді.

«Ескі сурет»
         Ескі сурет деген бір нақты кезеңге байлаулы дүние емес, әрине,  десе де ол суреттің қай кезеңге тиесілі екенін естен шығармайық. Сурет түгілі Кеңес Үкіметінің кезіндегі киноларда да өзгеріс бар. Жалғыз-ақ мысал, Қыз Жібек шашын жайып жіберіп, ішкөйлегімен ұрып жүр ғой. 
            Қазір құрбыларымыз бізді еліктегіш деп қояды,  өздері бейне бір бүрмелі көйлек пен жеңсіз, бастарына бөрік киіп алғандай..Өздері немен жасарып не жасанып жүр?
             Суретке келсек, біздің әке-шешелеріміз де еліктеген …Олар киген шифон көйлек Ор-апалардың, одан арғысы француз әпкейлердің сән үлгілері болса керек. Кала шалбар да сол Франциядан…Дәл қазір құрбыларымыз да американдық джинсы, қытайдың туфлиі, немістің пальтосын, италияндық (негізі бәрі Қытайдікі, тіпті Америкада да қаптаған Қытай заттары деген сіңлім) көйлек киіп-ап, мынадай киім қазаққа жат деп әңгімені соғатын болыпты.

«Пысынау немесе шұлық…»
           Қалдықыз дұрыс айтады, ұзын жабық киімнің ішінен қалағанын киіп жүре берсе болады қыз балалар. Бірақ, өз жақын туыстарыңнан басқа ешкім сені ол киімде көрмеуі керек. Араб Әмірліктерінде біз де болғанбыз, алайда ол мемлекет мұсылман елі болғанымен де, онда сырттан келетіндер де бар, онда өзге дін өкілдері де бар. Тіпті, онда ашық жүрген қыздар да жетерлік, мен бір сатушыдан сұрағанымда ол жердің аз-маз Еуропаланғанын айтты. Мысалы: заң бойынша демократиялы мемлекет, бірақ демократияның ұшқыны да жоқ елдер бар ғой, тура сол секілді жағдай десек болатын шығар, бәлкім. Оған қоса бізде де небір жабық киінген қыздар ролик теуіп те, дүкен аралап та жүреді, тек шариғат тыйым салмаса болғаны. Бейне бір біздегі мұсылман қыздарын тек қапаста ғана отыратын қоғамнан шет қалған жандар ретінде елестетудің қажеті жоқ.            
            Енді шұлыққа келсек, Құранда тобықтан төменгі жерді де жабыңдар демеген, алайда, өздерінің жеке тазалығы үшін не Аллаһтың бұйрығын асыра орындауға тырысқан құрбыларымыз шұлық киетін болуы керек. Десек те, мысалы жабық киінбейтін қыздардың ішінде жаздыгүн шілде болғанда тізесіне дейін жететін қонышы бар крассовки не қысқа қонышты крассовки ішінен қалың ұзын чулки ма бірдеңе, не далақтаған балахон джинсы шалбар киіп-ап жүретіндері де бар ғой. Соларды неге сынамасқа? Ол кезде «О вкусах не спорят» деп қоя саламыз. Күлгін, қоңыр түсті киінетін мұсылман қыздарына сол түс ұнайтын шығар, талтүсте қою қара юбка мен топик киіп бара жатқан аруларды да көргенмін.
              Пысынауды ұмытып барады екенмін ғой, кең көйлектен адам пысынаушы ма еді? Пысынаса тар жабысқан шалбар мен тырысқан топиктен болар… Жақында ғана атасы мен апасының сағынышын басайық деп немересін ертіп алып, «Алматы, қайдасың?» – деп пойызға отырғанмын. Баламен жоғарғы орын қиын боларын білсем де, тәуекелдеп мініп алдық. Аз-маз сабырымызды Алланың ескергені болар, бәлкім, бір жап-жас Ор-сіңілім өзінің төменгі орнын мен сұрамай-ақ ұсынды. Анасымен келеді екен. Біз де мәз болып жайғаса кеттік. Мінгеннен орыс апам қызымен қоса үсті-басын сабын сулы қағазбен (влажная салфетка) сүртумен болды, бет-ауыз, қол-аяқ….бәрі кетті….Онымен қоса маған деген аяушылығын да жасыра алмай отыр.
– Жарко же? Бедная? Зачем ты так? Молодая же?
– Сама так хотела.
– А муж не заставляет?
– Неа. Я сама так оделась, значит мне так удобнее…
– Жарко же..уф…ах…Дай салфетку еще…(тағы тазалық жұмыстары)
– Как жарко? Это же легкий материал…(бастысы мен тып-тыныш отырмын, олар болса ыстықтағаны сонша 2 пакет салфетканы тауысты)
– Ммм
– А вы сидите почти что голая, думаете вам не жарко да? (деп қойып қалдым)
             Сондағы қасымдағы апамның отырысы мынау: үстінде жабысқан, тардың тары кофта, астыңғы жағында шорты. Белдің майы тар кофтадан тырсиып шығып тұр, төменгі жақты суреттемей-ақ қояйын. Қызында жабысқан қара шалбар, үстінде тағы жабысқақ киім. Өзінше тыр жалаңаштанған сайын ыстықтамаймын деп ойлайды-ау деймін. Бір кезде менің үстімдегіні ұстап көріп, «А, легкое» деп қояды. Сонда солардың ғана ыстық-суықты айыра алатын қасиеті бар да, біз бір сорлы, жаздың күні қыстық шапанмен жүре беретін не қыстық орамалды жаздық жұқа ормалға ауыстыруға санамыз жетпейтін болып көрінеміз-ау деймін. Ал, жұқа әрі сәнді жаздық жабық киім іздегенге қазір дүкендерде жетіп жатыр. Өзім мына суреттегі киімді Алматыдағы “Асыл” сауда орталығынан онша қымбат емес бағаға алғанмын. Қазір қай қаладан іздесеңіз де жақсы киім табуға болады ақшаңызға қарай. Іздеген жетер мұратқа!
           Оған қоса медицина дәлелдегендей басты неғұрлым жабық ұстаса, соғұрлым ауруы аз болады, денені неғұрлым күннен қорғаса, соғұрлым денеге зиянды сәулелер өтпейді. Мысалы: орамал тақпайтын кезде мен басымды күніне 1 не екі кунде бір рет жуатынмын, себебі тез майланатын. Ал, қазір Аллаға шүкір ол «кеселден» айықтым. Біле білсек, шаш ең көп информация жинайды екен, сол себептен далаға бір шығып келгеннің өзі оның ластануына жетіп артылады.

«Сақал да бір…»
          Мектеп оқып жүргенімізде бір ағай «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шығып кетіпті…» – деп айта беретін. Сол сияқты бір кездері, Ислам қазіргідей өркен жаймай тұрып, сақал өсіру сән болып еді. Сонда көбі мұрт қойып, сақал өсірген-тұғын. Ол кезде дәл қазіргідей ешкім шуламаған. Сосын біздің әке-шешелеріміздің жастық шағында ер жігіттердің шаштарын өсіріп, химка салдыртуы сән болыпты-мыс. Ал, бүгінде шариғаттың талабымен, өздеріне ұнаған сақал үлгісін қойып жүрген жігіттерге неге тиісе береміз? Қайта қазір жастар баяғыдай тығылып-сығылып арақ ішпейді, жаман жүріске көп әуестенбейді, жастардың көбін мешіттен көресің (кейбір үлкендер шошыса да). Сонда оларға (жастардың мешітке баруынан шошитын үлкендерге) жастардың қандай болғаны керек?

Пысы. Құрметті құрбылар, қадірменді бауырлар, өздеріңіз киесіздер ме, кимейсіздер ме, жақындарыңызға кигізесіздер ме, кигіздірмейсіздер ме – сіздердің қалауларыңыз! Бірақ, осындай қиындықтарға қарамай, ұятты жерін жауып жүрген апа-сіңлілеріңізге, әпке-қарындастарыңызға, құрбыларыңызға түсіністікпен, бауырмалдықпен қарайықшы. Минилі бойжеткенді неге қарасын киген не неге сәл қысқалау киген, не неге сәл ұзындау киген деп ешкім сөкпейді. Омырауының жартысы көйлектің ішінде, жартысы сыртында жүрген қызды ешкім «Ойбай, анау неге омырауын сәл жабыңқырамаған, рак болады ғой» деп ешкім шырылдамайды. Ал, сәл де болса абыройын қорғап жүрген бойжеткенді көзге іле қалады. Бәлкім, түсі сізге ұнамайтын киім киген арудың не келіншектің дәл қазір ақшасы соны көтеретін шығар не қалаға жаңа келген болар (1 курстағы киіміңіз бен қазіргі киіміңіздің айырмашылығы бар ғой) не өзіне сол түс ұнап тұр деп қабылдайық. Сосын Құран – үйлерде ілулі тұратын сувенир емес, ал әйелдердің жабық киімі не орамалы – қабірді зиярат етуге не құран оқып жатқанда іліп алатын әртіс киім емес!

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

16 responses »

  1. Сізге Алла разы болсын! Қазіргі ашық-шашық киімдер тек қыз баланың “абыройын” айыруға бағытталғандай ма қалай? Жалпы өте ашық киінетін қыз балаға ер азататтардың пікірі де дұрыс болмайды: қыз бала болашағы бар жігіт іздесе, ал жігіт өткені дұрыс қыз іздейді.

    Жауап беру
  2. Әрине, осындай таза жолды ұстанып, дәстүрлі исламды насихаттап жүрсе ешкім қарсы болмайды ғой. Алайда көбінің ұстанымдары сектаға кіріп кеткендер. Тіпті оларда сондай заң бар, яғни орамалдың алдыңғы жағы үшкір болып тұру керек деген. Әйтпесе сіз сияқты әдемі етіп орамал тағып жүргендерді ешкім кінәламайды ғой. Қазір тіптен паранжа киіп алғандар шықты. Оларға қарасаң тіптен қорқынышты. Осылай кете берсе біздің қазақи мәдениеттілігімізден, дәстүрімізден не қалады? Осыны алаңдаған соң жазады елдер. Сонымен қатар қыздардың ашық-шашық киімдерін құптаған емес, орайы келгенде бәрі айтып та жүр. Жәй киім таңдағанда талғамсыздық орын алады, ал хиджап таңдағанда арғы жағында көптеген пиғылдар жатпағанына кім кепіл?

    Жауап беру
    • Орамалдың алдыңы жағын ешқандай ниетсіз үшкір қылады, меніңше. Ол тек бөтен көздерден көзін қорғағаны болар. Себебі қоғам алуан түрлі адамға толы, Құранда әйелдің көзді қорғауына қатысты та айтылған ғой ( харам етілгенге қарамау). Ал, паранжа, келісемін бізге жат.

      Жауап беру
  3. Uwkir etudi men bir kyzdan surap bildim, jigitterge karamau uwin eken😀 KUlgim keldi rasymdy aitsam, karamaim dese karamauga bolady goi.
    Men arabtyn sonwama sandi kiingen kyzdaryn kordim! tan kalarlyk! awyk tuster, ademi ornekter, o4ki, sumka, tufli bari bari sondai jarasymdy.
    Men de kordim parandja kigenderdi. Aiyptamaimyn, oitkeni olar rasymen kateleskender! Bakyraiyp karamadym, oitkeni kozim uirgen. Birak bizge jat!
    Sosyn bar goi, osy bir oramal tagatyn kyzdardyn kozderi sondai auyr! Karaganda tesip jiberein deidi. Meirimdilikti az kezdestirdim. Ozderin jogary koiyp, menmensingenderin kordim! Tipti bireuimen suhbattas boldym! Ol kyzdyn sektada ekeni birden belgili boldy, sebebi Islamdy muldem bilmeidi, ozinen eki ese eresek adammen otau tigip ( ne erkektin aieli bilmeidi, ne kyzdyn ata anasy bilmeidi), sonyn gana sozin tyndap jurgen zombi sekildi. nagyz musylmandar tek kara kuiu kerek ekenin aityp tagy da wok kyldy!
    OSyndaidan kein hidjapka karsylyk wygady.
    Bolmasa ademi ( siz sekildi) , jarasymdy, tiyanakty kiingen kyzdardy korsen kozin kuanady.
    Baikaganym, turkish style hidjab kigender wamaly ne togo, menmenwil, al karapaiym kiingender prowe. Surasan surakka jauap berip, kadimgi adam sekildi karaidy.
    vot solai!

    Жауап беру
  4. Дінді ешкім ойлап тапқан жоқ. Алла жіберді. Ал Алланың жіберген діні туралы ойланбай сөйлей салға әсте болмайды. Пікір білдіру керек, бірақ нақты негізбен, дәлелмен болса құба-құп. Өйткені, дін турал пікір – Алла туралы пікір. Дінге әдейі, яки байқамай, абайсыз тіл тигізгенің – жаратқан, тіл берген, көз берген, ризық берген, денсаулық берген, жоқтан бар еткен, есек емес, маса емес, Адам қылып жаратқан, қазақ қылып жаратқан, ата-ана, дос-жаран туыс-тумаларды берген, барша муліктің Иесі Алла Тағалаға тіл тигізгенің. Сол Жаратушы оз кулдарын тек бізге пайдалы нарселерге гана буйырган. Бізден зияннан ғана тыйған.
    Қазақта ең жаман қарғыс деген қарғыс бар. “Өзің білме, білгеннің тілін алма”. Осыны сәл құбылтсақ, “өзің істеме, істегенге күн көрсетпе”. Қыздар, жігіттер! Айыптаудың да, қаралаудың да, кіндіктен төмен тебудің де ең оңай, ең қарабайыр, ең деңгейсіз тәсілі бар – бір адамға қарап жалпы дінге баға беру. Бір адам әл-Фарабидің кім екенін білмей ҚазҰУ-ды бітіріп шығуы мүмкін ғой. Оған марқұм Әбу Насыр атамыз кінәлі деген сөз бе? Немесе сол адам үшін КазГУ-ды жабу керек деп ұсыныс айтып айқайласақ орынды бола ма? Болмаса, ол оқу орнын бітіргендердің ешқайсысы әл-Фарабидың кім екенін білмейді екен деген ақпар таратамыз ба?
    Айналып келгенде, біреудің қалың кигеніне біреудің жаны ашып тұрған түгі де жоқ. Адам өз нәпсісі көтере алмаған нәрсенің бәріне қарсы шыға береді ғой, негізі..

    Жауап беру
  5. қазір екінің бірі, қолынан келсе де келмесе, Алла берген қызыл тілін безеп, қалт-құлт еткен білімімен сол Алланың дінін, ондағы үкім талаптарды өздерінше тәпсірлеп, пәтуалай беретін болды ғой. Бұрын қалай байқамаған бұл қазақ? “кемеңгерлер” мен “дінтанушылар”, антихиджапшылар мен қызыл тіл “патриоттарға” кенде емес екенбіз ғой.
    өзіндегі тұманды түсінікпен өзгелерді мүсіркеушілік қайдан туған жан ашырлық өзі? “аяп кетем”, “обал-ай”, немесе “көздеріне қарауға қорқам”, “қатігез”, “жігітке қарамау үшін үшкір орамал”…
    енді менің күлкім емес жылағым келіп тұр.
    -обал-ай, есіл қыздар-ай!
    …етегінен ет көрінген, белінен бұты білінген, санасы “сексилықпен” уланып,понятиесі понтпен паршаланған қара көздер-ай. мүсіркесең осылай мүсірке. жаның ашыса осылай ашысын…

    Жауап беру
      • Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі,
        Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» –
        Деген ой сезілмейтін жүрісінен,
        Орамал таққан қыздар қандай жақсы!
        Қымтанып, қиналмай-ақ жандары шын,
        Көрсетпей бөтен көзге ар-намысын.
        Шілденің аптабына шыдайды олар,
        Тозақтың жалынына жанбау үшін.
        Көпшілік сырттарынан не демейді?
        Ал олар соның бәрін елемейді.
        Алланың разылығын іздегенді,
        Адамның қаңқу сөзі бөгемейді.
        Әр ісі тұнып тұрған мағынаға,
        Дәл мұндай тәрбиеші табыла ма?
        Жақсы ана болады олар ұрпағына,
        Жақсы әйел бола алады жарына да.
        Соларға қолың жетсе – бағың жанды,
        Ұғасың шаттығыңның барын мәңгі.
        Ұлтымның ұятының ұясындай,
        Сыйлаңдар тәнін жапқан аруларды.

  6. Гаухар

    Алла разы болсын!
    Бүкіл әлемнің Рабысы Алладан келген бұйрық.
    Ниетім түзу деп, жабынғаннан жамандық іздеп жүрген адамдарды түсіне алмадым.

    А’раф сүресінде

    Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер. (26)
    Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық. (27)
    Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Алла бұйырды» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында Алла арсыздыққа бұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?»,- де. (28)
    (Алла, адам баласының) бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды. Өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды дос тұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есептеді. (30)
    (Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қиямет күні мүміндерге ғана» де. Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз. (32)
    Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зор санағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар. (36)
    Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды.. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз. (40)
    «Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп, бір топ сенбесе, сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкім берушілердің жақсысы» (87)
    Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер. (179)

    Жауап беру
  7. Амин! Алла сізге де разы болсын!

    Жауап беру
  8. жақсы жазған екенсің, шынымен ортаны ұстанған дұрыс қой

    Жауап беру
  9. МашаАллах! Алла разы болсын сізге!

    Жауап беру
  10. Алаһ разы болсын. Бірақ қанша айтсаң да ұқпайтын адам ұқпайды екен. Аллаһым баршамызға иман нұрын нәсіп етсін.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: