RSS Feed

Көп балалы танымалдар

                                                                                                                                                                                        Көп жерде, байқасаңыз, 2 не одан да көп деген тіркес көп қолданылады. Соны басшылыққа ала отырып, көп балалылардың тізімін 3-тен бастадым. Әй, танымалылардың әрі табылғандарының ішінде Амантай атама ешкім жете қоймапты.
1. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – 3,
2. Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаева – 3,
3. ҚР Прьемер-министрі Кәрім Мәсімов – 3,
4. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақұсова Гүлжан – 3,
5. Дизайнер Құралай Нұрқаділова – 3,
6. Продюсер Қыдырәлі Болманов – 3,
7. «Хабар» телеарнасының бас продюсері Серік Абас-Шах – 4
8. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов – 4,
9. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилянов – 4,
10. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан – 4
11.КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов — 5,
12. Белгілі ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов – 5,
13. Композитор Қалдыбек Құрманәлі – 6,
14. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева – 6, 
15. Дінтанушы, ғалым, жазушы Бейбіт Сапаралы – 7,
16. «Аттан» қозғалысының басшысы Амантай Қажы – 7,
17.  Банкир Нұржан Сұбханбердин – 7,
18.  Уағызшы Дарын Мубаров – 14.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

39 responses »

  1. неге жақша ішінде сан нені білдіреді?

    Жауап беру
  2. Басқа некелі әйелдерінен болуы мүмкін дегенді білдіреді:)

    Жауап беру
  3. 3 бала көп пе екен? олай демес ем.

    Тізіміңе Нұржан Субханбердинді қосып қойсаң болады. Ол ҚЗ-ның көпбалалы бай әкелерден бірі ғой. Қателеспесем 7 баласы бар.

    Жауап беру
    • Өкінішке орай, Қазақстан бойынша 3 бала көпке саналатын сияқты ғой…:)) 6-7 баласы барлардың тізімін көріп тұрсың дегендей..Оған қоса бірді-екілері болмаса, бұл жерде көбінің тек 1 әйелден балалары көрсетілген. Мысалы: Дарын Мубаровтың 4 әйелден 14 баласы бар! Ал, Нұржанға қатысты рақмет!

      Жауап беру
      • неге өкінішке орай =)

        негізі Қазақстанда 4 баласы барлар ғана көпбалалы болып саналады.

      • Эльвира, 4 баласы барлар ғана көп балалы саналады дегенді неге немесе қандай заңнамалық актіге сүйеніп жазып отырсыз? Негізі заңмен санассақ, ҚР-да көп балалы анаға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері жатады. Ал, ол үшін 6 (Күміс алқа үшін) және 7 (Алтын алқа үшін) бала керек! Мен бұл мақаланың басында бізде көп жерлерде “екі немесе одан да көп” деген тіркес қолданылатындығын, сол себепті мен 3-тен бастағанымды жазғанмын.

      • 4 баласы барлар ғана дегенім – 4 тен кем емес дегенім. түсінеді деп ойладым сізді(сол комментімнің алдындағы жазуда 3 бала туралы сөз еткеніміз үшін). ясен пень, 4тен көп болса ол отбасы міндетті түрде көпбалалы болып саналады.

      • Енді жалпы алғанда сіздікі де “дегенім”, менікі де “дегенім” болып тұр ғой сонда. Ясен пень, но не по закону. 4-тен көп болса ол отбасы сіздің не басқа біреудің ойынша ғана көп балалы отбасы, бірақ заңмен емес. Сол сияқты менің ойымша 3 балалы отбасы да аз балалы отбасыға жатпайды. Сіз де, мен де өз ойымызды білдіругетолық құқылымыз, сондықтан екеуміздікі жеке пікір және дұрыс болса керек.

      • оййййй, осы неге елдер бір айтқаннан сенбейді =(

        мынаны оқыңыз http://www.enbek.gov.kz/node/34062

        гл.1, ст.4, п.10

      • Ол бап көп балалы отбасының анықтамасы емес, оған қоса мен сізге қайта-қайта ескерттім ғой, меніңше біздегі демографиялық жағдаймен, әсіресе танымалдардың демографиялық жағдайымен есептессек, 3 бала да аз емес. Ескерту: меніңше!Сонда сіздіңше, мен бұл тізімге 3 баласы барларды қоспауым керек пе? Өзіңіз4 балсы барлара бастап, тізім жасаймын десеңіз жол ашық! Айтпақшы, өзіңіздің қанша балаңыз бар еді?

  4. Ізгілік Нағиев

    http://izgilik.wordpress.com/2011/04/12/%d0%bc%d0%bd%d0%be%d0%b3%d0%be%d0%b4%d0%b5%d1%82%d0%bd%d1%8b%d0%b5-%d1%83%d0%b7%d0%bd%d0%b0%d0%b2%d0%b0%d0%b5%d0%bc%d1%8b%d0%b5-%d0%bb%d0%b8%d1%87%d0%bd%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b8-%d0%b8%d0%bd%d1%82/

    Көп балалылар туралы мақаланы оқып отырып қызық ойға қалдым. 18. Уағызшы Дарын Мубаров – 14 баласы бар дейді, ал менің сыйлайтын ағаларым: 10. Композитор Қалдыбек Құрманәлі – 4 (+2?) 11. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан – 4 (+2 ?) Блогтың пікірлері ішінде, жақша ішіндегі сан нені білдіреді деген сұраққа:

    monti | 12/04/2011, 05:58

    неге жақша ішінде сан нені білдіреді?

    Әлди-әлди… | 12/04/2011, 07:03

    Басқа некелі әйелдерінен болуы мүмкін дегенді білдіреді:)

    деп жауап береді. Бұл не сонда қадірлі адамдарды арандату ма, әлде қалай екенін дым түсінбедім. Басқа, басқа Бекболат ағам мұндай арандатуға жауап береді деп ойлаймын. Себебі, намаз оқитын мұсылманды жазықсыз жазғыру сияқты мақалаға ұқсайды…

    Жауап беру
    • Ізгіліктің айтқанына қосыламын. Биресми деректерді қоспау керек еді. Жақша ішінде қосымша сан жазылған тұлғалардың өте жақын (берілген деректің өсек емес нақты екенін білетін) туысқаны болмасаңыз әрине.

      Жауап беру
      • Жақын тұлғаларынан деректенгем. Мен де кесе тубіндегі балға қарап жазған жоқпын. Қоспай өзіңіз жаза беріңіз. Бұл менің пікірім, менің тапқан ақпаратым. Қаламасаңыздар жақшасыз оқыңыздар. Маған жеке пікірлеріңізді таңудың қажеті жоқ!

  5. Алла сақтасын! Ислам діні бойынша 4 әйелмен некелесуге рұқсат берілетінін естен шығармасаңыз екен. Түсінбедім, баласының нақты санын жазуға тырысқаным, сіздіңше арандатушылық па? Керісінше, бірнеше әйелді қамтамасыз етіп, оларға ана болу бақытын сыйлап отырған ағаларыңыздан айналып кетпейсіз бе?! Оған қоса Дарын Мубаровтың әйелдерінің ішінде жесір де бар, баласымен келгені де бар.Әкесіз балаға шариғат жолымен қамқор болғаны айып па?

    Жауап беру
  6. жаңа бір оқығанда басқа да пікірлер бар сияқты еді, неге өшіріп тастағансыз?

    Жауап беру
    • 1) Мен артық, қайталанған 2 пікірді ғана өшірдім, Аллаға аян. Дәл өшірілген пікір ауадай қажет болса, Ізгілік Нағиевтің пікіріндегі сілтемені басып оқуыңызға әбден болады. 2) Неге өшіріп тастағнсыз деген сауатсыздау сұрақ секілді, себебі блогты жүргізуші қандай пікірді алып-қосса да өз еркі және ол ешкімге есеп беруге міндетті емес.

      Жауап беру
  7. Ізгілік Нағиев

    Ізгілік Нағиев
    13.04.2011, 1:16 pm

    Мәселе туралы менің түсінігім былай. Бекболат аға туралы ғана емес, ақпарат – жалпы ресми ақпарат, бейресми ақпарат деген болады. Мысалы, Бекболат ағаңда ресми 4 бала болса, сен бейресми тағы 2 деп қосыпсың.
    Үкіметте қазақша деп бар жанын салып жүрген азаматты ел айтқан бейресми ақпаратпен қаралау деп түсінемін. Осы жазған ақпаратың Бекболат ағаның өзіне ұнай қоя ма екен?
    Мүмкін осы ақпарат себебінен отбасында ресми әйелі тарапынан реніш туындаған шығар. Бекболат ағамда 4 бала бар деп қоя қойсаң болмай ма, өсек ақпаратты шығару арандату емей немене? Жақша ішінде көрсетілген басқа адамдарға да ұнамаған шығар.
    http://islamdini.kz/articles/view/182 – Ғайбат туралы жазылған мақала. Мен оқып өзіме сабақ алдым. Басқаларға да кеңес беремін.

    Жауап беру
    • Айналайын ағатай, ашуыңды баса ғой. Бекболат ағаның 1 әйелінен 2 ұлы, 2 әйелінен 2 қызы бар, жақында үшінші әйел алды, сол әйелдің 2 баласы болуы мүмкін деген ақпарат. Сосын қатты қамықпай-ақ қойыңыз, олардың бәрі шариғи жолмен некелі әйелдері! Жақша ішіндегі ұнамаса өздерінен хабар келер, сіз қорғаушы болмай-ақ қойыңыз. Оларға араша болам деп маған жала жаппаңыз, көкесі. Керісінше бала саны көп болған сайын өз басым ол кісілерді одан артық сыйлаймын, себебі шариғи нексіз-ақ талай әйелді алып, тастап жүрген ағалар да жетерлік! Ал, исламда некенің қаншалықты маңызды әрі жауапкершілікті іс екенін менен жақсы білерсіз.

      Жауап беру
  8. Дарынның 14 баласы бар екенін білмеппін. Машалла! Бейбіт сапаралы мен амантай ағамызды бір әйелден 6-7 бала болса ол да жаман емес.

    Жауап беру
  9. Зағипа апаймен жақында ғана сөйлескенмін, ол кісінің 6 баласы бар. Кенжесі 4-5 жасар Дария есімді қыз. Қызықты әрі қазаққа қажет тақырып тауып алғаның үшін рахмет!

    Жауап беру
  10. Түзету, Бейбіт Сапаралының 7 баласы Ибраһим 2010 жылғы қараша айының 10-да дүниеге келген болатын. Бейбіт қажының жұбайы филолог, араб тілі маманы, қажы (Батыр Ана, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекқызының перзенті) Дәулет Ләйле Ноғайқызы 2010 жылы Елбасы жарлығымен “Күміс алқа” белгісімен марапатталса, 2011 жылы Н.Назарбаевтің Жарлығымен “Алтын алқа” орденімен марапатталды.

    Жауап беру
  11. Адай

    Мляя, осы жерге Ізгілік бас сұғып, тілімен жайпамаса болмай ма?

    Жауап беру
    • Каусар

      елдер бір айеліне ие бола алмай жургенде,Бекболат агаларымыздікі ерлік деп багалар едім..
      Ізгілік Нағиевтыңда кіріспейтін жері жок екен,”Басқа, басқа Бекболат ағам мұндай арандатуға жауап береді деп ойлаймын. “-деп істің байыбына бармай жатып,соншама байбалам салатындай не болды?!

      Жауап беру
  12. Айнур

    Кешіріңдерші! Бірақ біреулердің балаларын санағандарың қызық екен, Ізгілікке жазылған мына сөздер “шариғи нексіз-ақ талай әйелді алып, тастап жүрген ағалар да жетерлік! Ал, исламда некенің қаншалықты маңызды әрі жауапкершілікті іс екенін менен жақсы білерсіз.” оған жаман тиген шығар!

    Жауап беру
    • Бұл жерде Ізгілік туралы айтылып тұрмағандықтан сонша жаман тиді деп ойламаймын. Сосын біреудің баласын атын атап, түсін түстеп тиіскен түгіміз жоқ.

      Жауап беру
  13. Айнур

    “шариғи нексіз-ақ талай әйелді алып, тастап жүрген ағалар да жетерлік!” деген сөздің Ізгілікке ұшы қатты тиді!

    Жауап беру
    • Айнұр, сіз де кешірерсіз! Бірақ,“шариғи некесіз-ақ талай әйелді алып, тастап жүрген ағалар да жетерлік!” дегеннің Ізгілікке не Ізгіліктің бұл сөйлемге не қатысы бар? Ол кісінің Ізгілік деген атынан басқа еш ақпараты маған мәлім емес. Сосын Ізгілік аға да инет пен блогтың белсенді пайдалаушысы,қай ұшы қатты тигені жөнінде өзі тіл қатар. Жазсаңыз, ашып жазыңызшы, әйтпесе, түсініспеушілік орын алуы мүмкін ғой.

      Жауап беру
  14. Ізгілік

    Мен туралы, өзгелер туралы жамандап, күнәларымды өздеріне алып ортақтасып жатқандарға Алла разы болсын.Менің жалғыз бір ғана Шынар деген сүйікті әйелім бар. Аллаға шүкір.

    Жауап беру
  15. Ізгілік

    Аумин. Өзімде Алладан алты баламның және әйелімнің амандығын тілеймін.

    Жауап беру
  16. Ізгілік Нағиев

    Сайт Иесіне: Алла разы болсын деп алғыс білдіремін.

    Жауап беру
  17. Бала көп болса, олардың барлығы да шариғат пен ұлттық салт-дәстүрге сай өссе, ұлдар Құранды жатқа білетін тақуа қари, ал қыздар дініне берік бойжеткен болса қандай керемет десеңізші?! Ата-аналарын жұмақтың төріне көтеретін ізгі амалдар нақ осылар емес пе.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: