RSS Feed

Бақша да БАКС тұрады!

                Ішінде не сыртында баласы бардың басы қосылса айтатыны елдегі медициналық көмек көрсетудің кісі жылатарлық жағдайы мен баланың адам болып кеткенше керекті жабдықтары, әрине, оның ішінде балабақша тақырыбының әңгіме кезегінің басында тұрары анық.
– Астанада баланы бақшаға 5 жасқа толғанда бір-ақ алады.
– Қанша екен а? Честно?
– Осыдан 2 жыл бұрын «штука» болған…
– Білмеймін, 4 айында қойып ем кезекке 3 жасқа келді ұлым, әлі жоқ.
– Үйіміз қаланың ана шетінде, мясокомбинат (қай жақ екенін білмедім, мына шеті-ау шамасы) жақтан беріп тұр. Ол баланы апарау үшін нешеде оятам? Немен жетем? «Біреумен ауысыңдар,» – деп қояды. Кім ауыстырсын жердің түбіне?!
– Қазір жеке балабақшаларға 11 000 теңгесін мемлекет төлеп көмектеседі екен, қалғанын өзің төлейсің.
             Жалпы, Астанада балабақша кезегінде тұрғандардың саны 39 мың көрінеді. . Ал қазіргі уақытта бүлдіршіндердің 37,7 пайызы ғана балабақшамен қамтылған. Масқара ғой, иә?! Аты дардай Астана балаларды 50 пайыз да бақшамен қамтамасыз ете алмай отыр. Ол аз болса, мемлекеттік бақша мен жеке балабақшалардың төлем ақыларының арасы жер мен көктей, тепе-теңдік жоқ. Мысалы: мемлекеттік балабақша 5 500 + 2 000-дай (қосымша сабақтар), ал жеке 35 000-нан бастап жоғары кете береді. Орташа – 35 000. Бірақ, осы жақыннан бастап жеке балабақшалар ашқан кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға тәрбиелеп жатқан әр баласы үшін мемлекет тарапынан 11 000 теңге төленетін болыпты. Бұл туралы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесіп, Елбасының биылғы Жолдауын талқылаған Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтыпты. Сонда жеке балабақша орта есеппен 23 000 – 25 000 болады ғой. Меніңше, бұл баға да жетісіп тұрған жоқ. Сөйтіп, бізде өзге ұлт өкілдерінің тұрмысы жақсырағын ойласақ, сол бақшаға бармай, әке-шешесінің бәленбай мыңға жалдаған 4 қабырғасында отыратын да – қазақтың баласы.
               Мемлекеттік бақшаға БАКС керек. Ана бір тәте 2 жыл бұрын «штука» болған деп еді, қазір Құдай білсін. Дүниенің бәрінің бағасы аспандап жатқанда бақшаның БАКСЫ қарап қалар деймісіз?! Бүгінде 2-3 «штука»-ға барған шығар. Оны менен, т.б. біреуден ала бермейді, танысың болу керек. Танысынан бұрын, күнәсін айтсаңшы….Иә, күнәсін ойласаң балам да өзім де үйде отыра берейінші КҮНӘ деген балшыққа баламмен бірге батпай деген ой келеді.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

2 responses »

  1. жағдай келсе әрине жеке бала бақшаға бергені абзал ғой, бірақ бәрінің жағдайы келмес

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: