RSS Feed

Дарынды болсын балаңыз……

                Баласының дарынды болғанын қаламайтын ата-ана жоқтың қасы. Бірақ, неден бастарыңызды білмей жүре бересіз. Дэвид Льюистің мына бір кеңестеріне көз жүгіртіп көріңізші:
– Барынша шыдаммен әрі шынайылықпен баланың барлық сұрақтарына жауап беремін.
– Баланың сұрақтары мен сөздерін шын қабылдаймын.
– Бала көре тұрып өз жұмыстарын жасай алатын қабырға суретін іліп қойдым.– Егер шығармашылық жұмыспен қатысты болса не жұмысы әлі бітпеген болса, баланың бөлмесінің және үстел үстінің шашылғанына ұрыспаймын.
– Мен баланың өзіне 1 бөлмені немесе бөлменің бір бөлігін бердім.
– Баланың оның сол бар болмысымен сүйкімді екенін білдіртем.
– Балаға жұмыстар тапсырамын.
– Мен оған өзінің жеке жоспарларын құруда және шешім қабылдауда көмектесемін.
– Мен баланы қызықты жерлерге сапарларға алып кетемін.
– Оның жұмыс нәтижесін жақсартуына көмектесемін.
– Балаға әр түрлі әлеуметтік және мәдени топтардың балаларымен араласуына көмектесемін.
– Мен тәртіптің ақылға қонымды шегін ойластырамын да, соны сақтауын қадағалаймын.
– Мен балаға ешқашан ол басқа балаларға қарағанда жаман деп айтпаймын.
– Мен баланы оны төмендету үшін ұрыспаймын.
– Баланы оған ұнайтын кітаптар мен құралдармен, заттармен қоршаймын.
– Баланы өзі жеке ойлануға үйретемін.
– Оған көп оқып беремін.
– Баланы кішкентай жастан оқуға үйретемін.
– Баланы ойдан оқиғалар құруға және қиялдауға бағыттаймын.
– Баланың жеке қажеттіліктеріне ұқыптылықпен қараймын.
– Күнде баламен жеке қалу үшін уақыт табамын.
– Мен оған отбасылық жағдайларды және сапарларды жоспарлауға қатысуға рұқсат беремін.
– Мен оның қателіктері үшін ешқашан түртпектемеймін.
– Мен оның жаттап алған тақпақтары, әңгімелері мен әндері үшін мақтап отырамын.
– Мен баланы кез келген жастағы үлкен кісілермен еркін сөйлесуге үйретемін.
– Мен баланың көп білуі үшін тәжірибелік сараптамалар жасап көремін.
– Мен балаға кез келген затпен ойнауға рұқсат беремін.
– Баланы мәселелерді тауып, сосын оның шешімін де іздеуге үйретемін.
– Баламен жұмыс барысында оған лайықты мақтауларды табамын.
– Баланы жалған мақтамаймын.
– Балаға деген сезімдерімді бағалауда әділеттімін.
– Баламен әңгіме барысында айтуға болмайды деп шектейтін тақырыптар жоқ.
– Мен шындығында шешім қабылдауы үшін мүмкіндік беремін.
– Баланың тұлға болуы үшін көмектесемін.
– Телебағдарламалардың ішінен қарауына боларлықтай бағдарламалар табуға көмектесемін.
– Баланың өз бойындағы қасиеттерін жақсы жағынан қабылдауға үйретемін.
– Баланың сәтсіздіктерінен: «Мен де бұны жасай алмаймын,» – деп қашқақтамаймын.
– Баланың үлкендерден максималды тәуелсіздігін ынталандырамын.
– Мен баланың дұрыс ойларына сенемін әрі сенім білдіремін.
– Баланың қолына алған ісінің, мейлі ол іс жағымды нәтижемен бітпесе де,
басым көп бөлігін өзі жасағанын қалаймын.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

16 responses »

  1. 🙂 МАШАЛЛАХ!!! Кітап оқып жатыр🙂

    Жауап беру
  2. Кеңес Одағы тұсында бір отбасы тоғыз (әлде он) баланы қалай бағып-қағып өсіргенін сипаттаған кітап жазып еді. Кеңестерді оқып отырғанда сол есіме түсіп кетті. МашАллаһ, өте жақсы кеңестер екен!

    Жауап беру
  3. сіздің жарыңыз,менің бауырым өте жақсы кісі. Тауып айтыпты!

    Жауап беру
  4. жоғарыдағы Льюистің баласының бірнеше қатарлы кеңестерін ып ықшам бір сөзге сыйдырған…

    Жауап беру
  5. Қол босағанда мына маманың да блогын оқи отырыңыз: http://ayshikmama.blogspot.com/

    Жауап беру
  6. Өте керекті кеңестер екен

    Жауап беру
  7. “Менің де сүйікті жарым”:-) оқысын деп сілтемесін жіберлім:-)

    Жауап беру
  8. иә балаға көп оқыған жақсы ғой

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: