RSS Feed

“Кеттік перзентханаға…”

      Осыдан 5-6 жыл бұрын әріптестік босану деген ұғым қазақ отбасының қаперіне кіріп те шықпайтын. Қазақтың келіншегі ым-жымсыз ақ талай баланы өмірге әкеліп, шулатпай-ақ өсіріп жататын. Бірақ, әлемдік мәдениет пе, өркениет пе (біздің қабылдауымызша) жүкті әйелдің өміріне әріптестік босану деген бір жаңалығын енгізді де жіберді.

 Иә, батыста бұл әлдеқайда жақсы әрі ертерек дамыған. Тіпті, ол жақта бала тәрбиесінде ерлер белсендірек. Әр түрлі жыныстылардың арасына теңдік орнатпақшы феминизм ол жақта өз жемісін беріп үлгерген. Жүктілік пен бала қарау туралы аударма кітаптардағы суреттерде ерлердің суреті жетерлік. Басында маған сол қызық көрінетін. Батыстық еркектер бірге босануға дайындық курстарына, дәрігердің қабылдауына әйелдерінен бір елі де қалмай еріп жүреді-мыс. «Мыс» деген артықтау боп кетті-ау деймін, өйткені мұндай жағдай өзімізде де орын алып келеді. Дәрігердің қабылдауында Ор ағамдар көп жүретін қосақтасып, қазір, байқасам, қазақтар да көп екен. Несін жасырайық, көбі жастар сол. Сонда олардың күйеулерінің жұмыстары жоқ па? Әйелімен бірге толған жүкті әйелдің арасында отырады бірді-екілі. Әйелін кезекке тұрғызып, бірдеңе-сірдеңелерін көтеріп жүргені қасында. Сіздер не ойлайтындарыңызды қайдам, маған ерсілеу. «Өзі ана болғалы жүрген адамның кезек алуға шамасы келмей ме?» – деп ойлааааааааап қоямын. Сөйтсем, ол аз дегендей қазір бізде ер адамдар әйелімен босануға да қатысатын көрінеді. Мәссағаааааан! Ол кездегі түріңді еркек емес, айнадан өзің көрсең де шошитындай боп жатасың ғой.
           Толғақ кезі ше? Оған ерің шыдай қоймас, сірә да?! Аллах Тағала әйел ғана көтере алатын болған соң, оны біздің мойнымызға жүк етіп артпады ма?! Ертең мені қатты сыйласын деп, қатыстырып ап, кейін жүйке жүйесі ауруларын емдейтін жерде сен оны күтіп жүрсең бәле ғой. Себебі, 15-20 минуттан соң-ақ әйел адам бәрін ұмытып кетеді. Ал ер адам ұзақ уақыт депрессияда жүруі мүмкін.
          Әрине, бұл мәселенің екі жағы бар, десе де қазақ отбасы үшін ақталмайтын жағы басымырақ секілді. Жағымды жағы – баланың қалай дүниеге келгенін көрген әкенің әйеліне деген құрметі, қамқорлығы артуы мүмкін, отбасы мығым болады, жақын адам ауырғаныңды жеңілдетеді деп жатады. Осы күнге дейін қазақ отағасы бала туу үдерісіне қатыспағандықтан әйелін сыйламай келді дегенге кім сенеді? Ол жерде жақын адам ба, алыс адам ба, бәрін бір Аллаға, сосын дәрігерге сеніп тапсырасың, болды. Тіпті, басқалардың түрін де ажыратпайсың. Айтпақшы, әріптестік босануға анаңды, әпкеңді, құрбыңды, енеңді қатыстырсаң да болады. Бірақ, меніңше, жақын біреуің тұрса, еркелеп, ырбаңдап, жылап-сықтап өзіңді жинай алмай қалатын сияқтысың. Оның үстіне қазір балаңды баяғыдай бір бөлмеге көөөөөөөөөөөп қылып жинап қоймайды, бөлмеге шығысыңмен-ақ өзіңнің қасыңа әкеліп береді, баланы алмастырып жібереді дейтіндерге айтар уәжім бұл.
            ПЫ.СЫ. Енді босану да, жүктілік кезіндегі мәселелер де әркімнің жеке ісі ғой. Мен тек өз ойымды жеткіздім. Тағы қайталап айтам: мен жеке пікірімді ғана тізбектедім!

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

2 responses »

  1. Өзің быт-шытың шығып жатқаныңды хххм
    әәй дұрыс айтасың жолдасыңа көрсетіп керек емес сияқты

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: