RSS Feed

Бала әзілі

        Ерік (3 жаста) анасының өзінің жақында ғана туылған қарындасын емізіп жатқанын бақылап тұрды. Сәл уақыт өткен соң ол: «Анашым, сіз екеуін қайтесіз? Біреуі – ыстық, екіншісі – суық сүт үшін бе?»

         Майра (5 жаста) әжесінен оның неше жаста екенін сұрады. Әжесі өзінің сондай кәрі екенін және нешеде екені есінде жоғын айтты. Майра: «Егер сен білмесең, өзіңнің іш киіміңнің этикеткасына қара, менде 5-6 де жазылып тұр,» – деді.

          Серік (3 жаста) анасын жатардан бұрын құшақтап, сүйді де: «Мен сені сондай қатты жақсы көрем, сен өлгенде, өзімнің ұйықтайтын бөлмемнің терезесінің қасына жерлеймін,» – деді.

           Балымның (4 жаста) құлағы ауырып, ауырғанды басатын дәрі ішпекші болды. Ол дәрі шынысын аша алмай әлек. Анасы оның таңданысын көріп, дәрінің арнайы балалардан қорғаныштық қақпағы барын ескертіп, өзі аашып беретінін айтып жатыр. Балым таң болып: «Ол мен екенімді қайдан біліп тұр?» – деді.

         Сара (4 жаста) жеміс шырынын ішіп болысымен ықылық ата бастады. «Маған енді осы шырынды бермеңдерші, өтінем, осыдан менің тістерім жөтеліп жатыр,» – деді.

         Думан (4 жаста) таразыға өлшенді де: «Мен қанша тұрамын?» – деп сұрады.

        Кенжебек (5 жаста) өзінің жатар бөлмесінде бір нәрсеге қынжылып отырды. Анасы не боланын сұрап еді: « Мен үйленгенде осы керуетке не болады екен? Бұған менің әйелім қайтіп сыяды?» – деді.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

2 responses »

  1. Біреуі – ыстық, екіншісі – суық сүт үшін бе?» уахахахаа

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: