RSS Feed

Ана болам десеңіз…

         Ана болам десеңіз де біраз нәрсеге асық болып, біраз нәрседен қашық болуға тура келеді. Бірақ, жүктілік – ауру емес, шамалы уақытқа берілген жауапты жұмыс қана. Жұмысыңызды қатты қиындатып алмай, жеңіл әрі қызықты қылып өткізсеңіз ғажап болады. Төменде аз-маз кеңестер келтірдім. Көңіл бөлсеңіз болады.

– Мына жағдайлардан аулақ болыңыз: 

1. Оқыс әрі тым шалт қимылдарды қажет ететін жұмыс (мысалы: кілем қағу);

2. Орындыққа мінудінемесе қатты созылып жасауды қажет ететін жұмыс;

3. Ауыр затты көтеру, қозғау;

4. Тұрмыстық химияны, әсіресе, қатты иісті тұрмыстық химия заттарын тұтыну;

5. Жөндеуге байланысты кез келген жұмыстар;

6. Аса тойып тамақтану;

7. Кофеинді өте көп мөлшерде қолдану (түсік мүмкіндігін арттырады);

8. Өте ащы, өте тәтті тағамдармен дос болу;

9. Денені күйдіру (солярий), тым жоғары температура қысымды көтеріп жібереді,

10. Тоқты пайдалануды қажет ететін әрекеттер (қажет емес түктерді тоқты инемен тазалау);

11. Балауызбен (воск) депиляция жасау (аяққа жағылған ыстық балауыз қан айналымын бұзады);

12. Вибромассаж ( 9 айда, әрние, толығасың, бірақ кейін қалпыңа келесің);

13. Сауна (Қан тамырларың кеңейіп, жүрек қағысың жиілейді, тыныс алуда қиындықтар болуы мүмкін).

Баланың түсіп қалу қаупі болған жағдайда екз келген жұмыстан бас тартып, аяқты жоғары көтеріп, жату керек!

– Ал, төмендегі жағдайларды, тек техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүзеге асыру қажет:

1. Аллергияңыз болса, жуатын құралдарды қолғап киіп пайдалану;

2. Кірді қолжетімді жерге ілу;

3. Қолыңыздағы жүк ауыр болса, 2 жаққа теңдей етіп бөліп алу;

4. Қай тамақты қатты көңіліңіз қалайды, егер ол болашақ сәбиге зиянды болуы мүмкін болса, аз мөлшерде жеу;

5. Шаш бояу, табиғи бояулармен (хна, басма) шашыңды өзгерсең болады;

6. Шаш қию (шаш қисаң болашақ баланың ғұмыры келте болады деген ырым бар халық арасында, бірақ ол ырым ғана! Десе де тым қысқа шаш бала қарау кезінде кедергі келтіруі мүмкін, ұзын шашты инау оңайырақ);

7. Ароматерапия (түрлі хош иісті майлар ұйқысыздық пен токсикозды басуы мүмкін);

8. Қолға иісмай жағу (теріңіз гормональды өзгерістерге байланысты онсыз да нұрланып тұрады, сонда да жұмсартудың артықтығы жоқ) аллергия тудырмайтын, бұрын соңды қолданған иісмайыңызды қолдану;

9. Теріге иісмай жағу, ішіңіздің және омырауыңыздың терісі жұмсақтығын әрі қалпын сақтап қалуы үшін таңертең және кешке сағат тілімен және жоғары-төмен иісмай жағу;

10. Душқа арналған гель қолдану;

11. Бетке маска жасау;

12. Далап пайдалану: бұрынырақ далап қолданбасаң да, жүктілік кезінде еріннің жиі жарылуы салдарынан сатып алуға тура келеді, қаттылары қажет емес, дәрумендер қосылғанын алу қажет;

13. Ал, саунаға, егер ағзаңыз мықты болса ғана, барсаңыз болады.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

9 responses »

  1. Гауһар

    Жақсы кеңес екен! Жазарыңыз көбейсін!

    Жауап беру
  2. Маған (еркек адамға) қажет болмаса да, оқып шықтым.🙂

    Жауап беру
  3. 🙂 Ана болатындарға ақыл айтасыз ғой….

    Жауап беру
  4. Айзада

    Машаллаһ!!! Ана болғым келіп кетті. Аллаһ разы болсын сізге!!!

    Жауап беру
  5. Арайлым

    кешірерсіз сіздерден сұрайын дегенім құрасақ көтергеніме шамамен 2 айдан асты бірақ таксикоз белгісі жоқ ол қауіпті емес пе? сонымен қатар ішімнің көлемі де сал өскен секілді әлі ерте емес пе??? іштің өсуіне

    Жауап беру
  6. Арайлым

    кешірерсіздер сұрағым бар еді, құрсақ көтергеніме шамамен 2 айдан асты бірақ таксикоз белгісі білінбейді қауіпті емес пе? ішімнің көлемі де сәл шыққан секілді іштің көлемінің өзгеруіне ерте емес пе? алғашқы сәби көтеруім

    Жауап беру
    • Ол қауіпті емес, себебі көп әйелдерде болмайды. Іштің көлемі әр адамда әр түрлі шығады, дәрігерге жазылып, кеңес алған дұрысырақ. Алла жүктілігіңіздің жақсы өтуін және аман балалы болуды нәсіп етсін!

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: