RSS Feed

Өмір деген – күту, бірақ әңгіме тек бұл туралы емес…

            Өмір деген «анау», өмір деген «мынау» деп талай атақтары аспан тірегендер айтып кеткен ғой, менің бұл жаңалық ашқан түрім емес, әсте. Тек ойымды жеткізгім келгені де. Мысалы: ес білгелі бірдеңені күтесің де жүресің, әйтеуір:
– Түгенше ертең балабақшаға барады, онда балалармен ойнайды, иә? Апайының айтқанын тыңдайды, иә?….
– Бүгенше жақында мектепке барады, сабағын жақсы оқиды, үстін бүлдірмейді….
– Сәл уақыттан соң бастауышпен қоштасасың, үлкеееен мектепке барасың, онда балалар көөөп, қызық….
– Міне, кеше ғана тарыдай болып кіріп едіңдер, енді аз ғана уақыттан соң таудай болып «алтын ұя» (барлық Қазақстанның бұрышында осы сөз қайталанып жатады, бәрі «алтын») мектептеріңмен қош айтысасыңдар, үлкен өмірге қадам басасыңдар…
– Студенттік шақ та – адам өмірінің «ең қызықты» (басқа кез түк қызық емес сияқты) сәттерінің бірі, оқуыңды аман-есен бітіріп, жақсы диплом алсаң, соның нанын жейсің….(дипломы жоқ та нан жеуі әбден мүмкін ғой)….
          Осылай кете береді…Үйленетін күніңді күтесің, балалы болғаныңды күтесің, оның отырғанын, басын көтергенін, еңбектегенін, жүргенін, бақшаға, мектепке барғанын…….жалғаса береді (Алла ғұмыр берсе, әрине)….өзіңнің бір кездегі басыңнан өткен Күтулер басталып та кетеді екен.
         Жоғарыдағыдан басқа тағы да материалдық күтулер бар:
– Үй алуға кезек, балабақшаға қабылдануға кезек, дәрігерге қаралуға кезек, есепке тұруға кезек, есептен шығуға кезек, ақша төлеуге, алуға кезек….Оған етіміз үйреніп те қалған. Бір мәселемен үйден 3-4 сағатқа шығамыз да, оның 2,5-3,5 сағатын кезек күтумен өткіземіз. Күткеніңе жұмысың бітсе жақсы ғой, бітпесе келесі күнгі уақытыңды қиясың. Оның үстіне бізде мемлекеттік орган қызметкерлерінде ғана жұмыс бар, қалғандары әшейін ермек қуып жүр. Олай дейтінім, біздегі мемқызметкерлердің көбі өте сабырлы, тым сылбыр, асығу оларға жат. Мәселен, Салық комитетінде, Халыққа қызмет көрсету орлағыныда, емханаларда, балалар емханасында, т.с.с.
          Өзім көп баратын әйелдер кеңесінде тек акушер-гинеколог және олардың медбикелерінде ғана жұмыс бар. Қалғандары (көбі жүктілер ғой) – 2 қолға ермек таппай, амалсыздан жүкті болғандар. Енді адамдар әр түрлі ғой, мүмкін бар шығар жұмысын тез әрі сапалы орындайтындар, бірақ мен кездескен, естігендер жайбасар. Олардың есігінің алдында отырып, талай жүкті әйелдің жүрегі сыздағанын көрдім, өзімнің де қарным ашып, басым ауырып, мазам қашқан талай. Оның үстіне менің дәрігерім өзінің кемінде 4-5 сағат уақытымызды алатынымен жұмысы жоқ, «кішкентай балаңды мұнда әкелме!» – деп ұрсып қояды. Сонда оны 5 сағат үйге қамап кетем бе? 15 минуттық қабылдауды жарты сағатқа созады, неге балаларыңның арасы жақын деп тағы кейіп қояды. Алланың қалауы дегенді ұғынбайды, сірә да…Ішімнен «ай осы келесі баламда босанатын кезде бір-ақ тіркелмесем» деп қоям, Қожанасыр секілді…(шеңбердің сыртына аяғын шығарып, қарақшыларды қатырған) Бірақ, оны тағы күту керек болды ғой….

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

10 responses »

  1. Ық-ық))) Жұбайың екеуіннің жазбаларында да үндестік табуға болады екен, ол кеше “Қағаз қоғамдағы” қағазбастылық туралы жазып еді, сен кезек күтудің машақатын жазыпсың))) Тамаша пост, бұл турасында Есет Досалы деген ағамның бір материалы бар еді, өмірде бәрі кезек, тіпті жан тапсыруда да кезекпен тұрмыз деп…

    Жауап беру
  2. Мемқызметкерлердің бәрі бірдей жайбасар емес, олар сол әйнектің сізге көрінбейтін жағында, қолдарына бір-бір қағаз ұстап алып, маған мына хатты жабуға керек, скашный деп ентігіп, жугіріп, жолындағыны қаға соға этаждан этажға секіріп журеді. Сенсен байғустардын шай ішетін уақыты жоқ. Әтпесе Қазақстан Республикасы мемқызметкерлерінің ар-намыс кодексін, күнде таңертен бір оқып, ее, құдай ақша бермесенде, сабыр бер деп жұмысына кіріседі.

    Жауап беру
    • Әйнектің арғы жағына сандалуға өздері себеп тауып алса қайтеміз? Ештеңе уақытында дайын болмайды, түстен кейін, ертең, арғы күні келе салыңыз деп отырғаны. Ақшасы тым аз болса, неге көбі сонда ұмтылады? Себебі: ақшасы тұрақты, сыйақысы, жеңілдіктері бар…т.с.с. Бәрін былай қойғанда, қанша ақша алса да, олар сол нәпақамен нан алып жеп, шайына сүт қатып отыр ғой. Оларға тапсырманың көп берілгеніне келіп тұрған халықтың не жазығы барын түсінбеймін. Бір құжаттар тізімін сұрасаң, ол ана жерде, мына жерде деп есіңді шығарады, ол жерде жоқ не ол тым биіііііііікте орналасқан не орыс тілінде не көнерген ақпарат боп шығады. Өздері күнде жасап жүрген жұмысына қатысты құжаттарды жатқа білмейді де, қазір деп әркімнен бір сұрауға жөнеледі, болмаса тел-ға мініп алады.

      Жауап беру
  3. Сол болсам екен…заңгер боп жүргенімде аралас-құралс жұмыс жасағам….сонда көргенім де….

    Жауап беру
  4. Гаука^^*

    неге балаларыңның арасы жақын деп тағы кейіп қояды.
    _______________________________________
    Мұндай сөздерді елемеңіз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)бір хадисінде : “Бойжеткен қыздың мәһрі мен құрсағының жеңіл болуы оның берекелі әйел екендігіне ишарат етеді”-деген. Айша (р.а.) риуаят еткен.

    Жауап беру
  5. бізде енді әлі жете қойған жоқпыз өркениетке. Кейіндері онлайн қызмет дамыған сайын, емханаларда да онлайн тіркелу заманы, барып әрі кетсе 15-20 мин күтетін уақыт бізге қашан келер екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: