RSS Feed

Мини киген қыздар құрлы болмағанымыз ба?


– Сәлеметсіз бе, апай?
– Сәлеметпіз, қызым. Қалайсың? Оранып алғансың ба, Айсәуле?
– Ааа….жай…орамал ғой…
– Осылай оранған менің бір туысымның қызы химфакты қызылға бітіріп алып, жұмысқа тұра алмай жүр..
– А, жұмыссыз жүрген жалаңаш қыздар да көп қой,апай..
Осы жұрт орамал таққан қыз не келіншек көрсе туылғалы басы жабық адам көрмегендей немесе ойдан шығарылған, тарих кітаптарындағы тас ғасырында (тіпті, Адам атаның кезінің өзінде киім болған ғой!) өмір сүріп жатқандай неге шошиды? Әлде олардың үйлеріндегі ескі суреттерді біреу отқа жағып жіберген бе? Жоқ, негізінде олар көрмейді немесе көрмегенсиді. Не жарты метр шүберекте алынбай кеткен ақысы бар. Бірақ, әңгіме тек олар туралы ғана емес еді.
          Профессор, тарих ғылымдарының докторы Ондасынов Ескендір Нұртасұлы: «Әрбір халықтың, кез келген адам секілді ата-бабаларының жолы болады. Олардың тамыры адамдарда да, халықтарда да басталуын бақылауға алу мүмкін болмайтындай сан мыңжылдық тереңге кетеді. Жақында барлық адамдар бір «әйелдің» ұрпақтары болып табылатындығы дәлелденді.»,-дейді. Әттең, дәлелмен түртіп, бетімізге баспаса, Горилла мен Шимпанзенің ұрпағы боп жүре береміз ғой. Топырақтан жаралғанымыз секунд сайын дәлелденіп жатса да, 7811 мектепте інілеріміз бен сінлілерімізді «атамыз – маймыл» деп оқытып жатыр. Егер Дарвин атайдың айтқаны рас болса, осы күнге дейін сан мыңдаған маймыл неге адамға айналып кетпеді деген ой министр көкелеріміздің қаперіне кіріп те шықпайтын секілді.
             Қазақ халқының «түбі – түрік, діні – Ислам» екенін, халықтың 70 пайызынан астамы мұсылман екенін бәрі мойындаса да, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығына сәйкес 2009-2010 оқу жылынан бастап жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-сыныптарында базалық оқу жоспарына аптасына бір сағат «Дiнтану негiздерi» факультатив сабағы енгiзіліп, факультативтiк сабақты қоғамдық пәндердің мамандары (тарих пәнiнiң мұғалiмдерi) жүргiзуі тиіс деп мәлімдеп, онда әлемдік діндер оқытылып жатыр. 70 пайыздан астам мұсылманның балаларына иудаизмді, «Иегова куәгерлері», «Сайентология» сияқты бағыт өкілдері мен «Кришна санасы қоғамы» мен «Бірігу шіркеуі» дегендерді оқыту қаншалықты қажет еді өзі? Біз не қылған кең әрі дархан халық едік? Өзгелер қауіптен қорқып жатса, біз міз бақпаймыз.
                Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп түсінікті, анық жазылған.
             «Зайырлы» сөзіне көптеген орыс халқының түсіндірме сөздіктерінде (С.И. Ожегов пен Н.Ю.Шведованың, Т.Ф. Ефремованың, Д.Н. Ушаковтың) «не церковный, мирской, гражданский» деген түсінік береді, яғни бұл жерде «не церковный» деген «атеист» дегенді, сол сияқты біздің қолданысымыздағы «зайырлы» сөзі «дінсіз» дегенді білдірмесе керек. Тағы да Ресейдің үлкен заңнамалық сөздігіне жүгінсем, «СВЕТСКОЕ ГОСУДАРСТВО – конституционно-правовая характеристика государства, означающая отделение церкви от государства, разграничение сфер их деятельности. Светский характер государства не препятствует ему в интересах обеспечения прав религиозных меньшинств оказывать их религиозным общинам материальную помощь из государственного бюджета». («Ресей әдебиетінен айналшықтап шықпады ғой» деп сөге көрмеңіз, бізде веб-сөздік саласы нашар дамыған, оған қоса біздің заң саласындағы ұғымдарымыздың көбі аударма болғандықтан түпнұсқаға жүгінгенді жөн көрдім.) Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігінде «зайырлы» деген – дін әркімнің өз шаруасы, мемлекет мешітке не басқа құлшылық орнына бар не басқа деп ешкімді міндеттемейді, ал барғың келсе, араласпайды деген. Ал, Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы А. Жақыпов мырзаның, 2009 жылы қазанның 26-сында облыстық білім беру басқармаларына, ЖОО ректорларына, республикалық білім беру мекемелерінде намаз оқуға және мұсылманшылық орамалдарын тартуға тыйым салу туралы нұсқаулар жіберуіне не жорық? Сонда етегін жапқан қыздың мини киген қыз құрлы қадірі  жоқ па? Олардың омырауы мен санын жалтыратуға құқығы бар да, біздің ұятты жерімізді жасыруға хақымыз жоқ па? Мен осы мәселе жөнінде биылғы жылғы хал-ахуалды білейін десем, мәлімет таппадым. Әлі сол күшінде ме, жоқ күшін жойды ма?
             Бірақ, бір анық бар. Ол – мен танитын үш қыз мемлекеттік қызметке орналасу үшін жақында ғана орамалын шешті, нақтысы шешкізді. Ал, қаншамасы орамалы үшін жұмысқа тұра алмай жүр. Сонда ҚР Конституциясының 14-бабының 2-тармағындағы «Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», 19-бабының 1-тармағындағы «Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деген нормалардың күлі көкке ұшты ма? Әшейінде Ата заңды орындамау түгілі, оның 1 парағын жыртып алсаң жауапқа тартуға дайын тұратын құқық қорғау органдары ай қарап отыр ма екен?
          Ол аз десеңіз, қазір жұмысшысының намаз оқуына қарсы басшылар да бар. Жұмысқа кедергі-мыс. Десе де, сол мекемеде пәленбай адам темекі тартып жүре береді. Сонда темекі тартатын адамның әрбір 2 сағат сайын (одан да көп болуы мүмкін) темекі тарту үшін 5 минуттық үзіліс алуына құқығы бар секілді, намазханның 5 минут намаз оқуына да құқығы бар емес пе еді? Тіпті, темекі шегетін арнайы орын барлық жерде қарастырылып, намазханаға бір ұлтарақ жер жетпей қалғанын көріп қынжыласың. Жеріңнің кеңдігінен не пайда, Қазақстан, халқыңңың басын сәждеге тигізер титімдей жер болмаған соң. 2011 жылы Мұсылман елдері лигасына төрағалық ететін елдің «сырты – бүтін, іші – жоғарыдағыдай түтінге толы болуы» ұят-ақ.

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

14 responses »

  1. Толықтай пікірлеріңізге қосыламын.

    Жауап беру
  2. Abay Otar

    Әпкем болсыз ба, әлде қарындас боласыз ба, сізге айтарым басыңызды ауыртып не қыласыз. Пайғамбарымыз бір хадисінде “бір замандар келгенде Исламмен жүру қолға шоқ ұстап жүргендей болады” деген екен. Сол уақыт қазірге келген секілді. Нағыз мүминге қарсы келгенге АЛЛАҺ жазасын береді. Мүмкін жақында оның да куәсі болатын шығармыз.

    Жауап беру
  3. БЕУ ДЕҢІЗ,ИМАНЖҮЗДІ ҚАРЫНДАСЫМ!
    ТАҒДЫРЫ ЕТСЕ ЕКЕН БАҒЫН БАСЫМ.
    СЕН АЛДЫҢ КӨРГЕНДІДЕН ӨНЕГЕНІ
    ӨЗГЕЛЕР ТӘРБИЕҢДІ ҚАБЫЛДАСЫН!

    БІЛЕМІЗ, ҚРЫНДАСТЫҢ БІЗ БАҒАСЫН!
    ТҮСІРГЕН ІЗГІЛІККЕ ІЗГІ АНАШЫМ!
    ҮЛГІЛІ ЖОЛҒА САЛЫП БІЗДІҢ ҚАЗАҚ,
    ҮКІДЕЙ ҮЛБІРЕТКЕН ҚЫЗ БАЛАСЫН!!!

    Жауап беру
  4. Гауһар

    Аллаһ разы болсын! Көп мәселені қамтыған екенсіз.Рас, 1. Біздікілер ата баба жолын ұстану керек, ал сендер арабқа еліктейсіңдер дейді. Өздері ата бабасы қай жолды ұстанғанынан бейхабар. 2.Білім министрлігі қыздардың басындағы орамалды алғызғанша, сол Дарвинизим туралы жазылған оқулықты бірінші түзетпейді. 3. Хиджабқа қатысты заң шықты. Қазақшасын оқып, түсіне алмадым, астындағы елдің жазасынан түсіндім. Тіл мәселесі, өзіңіз айтпақшы, аударма. Ал аударма(әсіресе қазақ тілі), кілемнің арғы беті. 4. Дінтану сабағы. Ол бір үлкен мүмкіндік еді(исламды танытуға). Өкінішке орай,біздікілердің қазақ балалары үшін жандары ашымайды. Оқушы мектепте негізгі теорияны жаттап өсуі керек(негізі қалану).Оларға діни, саяси тақырыптарда дискуссия жүргізу әлі ерте. Айтайын дегенім,олардың басын қатыратын нәрселерді айтып, адастырмай, өз дінінің, тілінің құндылықтарын түсіндіріп, сол кезден тәрбиелеу керек. Зайырлы мемлекет деген бір сөзбен жауап беретіндері бар.Бала, оқушы тәрбиесіне,оқуына жандары ашитын жан табылар ма екен. Дінтану емес, исламтану жүргізілуі керек. Балалар исламның не екенін дұрыс миына сіңіру керек. Жалғыз мысал келтірейін. Кореяда кезінде университеттердің негізін қалаған Америкалық миссионерлер екен. Өзім білетін соның бірінде дін сабағы оқытылады. Бакалаврда оқитын кез келген ұлт өкілі, дін өкілі сол сабақты тыңдауға міндетті. Міндеттілердің бірі мұсылман студенттер. Бірақ олар сол сабақты тыңдап, христиан болып кетпейді ғой.Және оны тыңдаушылардың арасында буддизмге сенетін студенттер де бар. Негізі кореяда конфуцизм ілі кең тараған. Айтайтын дегенім, Қазақстан мұсылман мемлекет, қалай санағанын кім білсін, 70пайызы мұсылман депті. Олай болса, исламтану сабағын өткізуге болады ғой.

    Жауап беру
  5. Гауһар

    жазбасынан… қате кетіпті.
    “Кіжіну бар, килігу жоқ” дегендей, өзің бастап бірдеңе қылмаған соң, айту бекер. Сөз де көп… іс жоқ

    Жауап беру
  6. Арал қаласы

    Жарайсың Айсауле! Аллаһым разы болсын Сізге!!!

    Дариясы омірдин шайқалмайды,
    Дармені жоқ бір пенде жылағаннан…
    деген Мұқағали.
    Қайтеміз енді…

    Жауап беру
  7. Гауһар

    Жоқ,*^^* жоғарыда менің жазбамнан қате кетіпті. мынау соның жалғасы ғой.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: