RSS Feed

Жүктілерге арзан пломба жарай береді…

                                                                                                                                                                  Бізде, Қазақстанда дегенім ғой, жүктілік кезеңінде медициналық көмек алу тегін. Өткенде тісім маза бермеген соң, тіптен жақсы болды, тегін жатқан дүниеге қарық боп қалайын деп қуана-қуана Астана қаласы, Кенесары көшесіндегі МҚК «Стоматология орталығына» бардым. Сөйтіп, өзім жалданған кезекті тіс дәрігеріне кірдім. Негізі, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 97-бабының 2-тармағына сәйкес, «Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында медици¬налық, консультациялық көмек тегін медициналық көмек¬тің кепілдік берілген көлемі шегінде ұсынылады.» Дәрігер тісімді көрді де, егуге болмайтындығын ескертіп, мышьяк салып берді. Сонымен қатар көмектің тегін жүргізілетінін (ол үшін өкінішке орай ма, қайдам) ескерте келе, егер жақсы пломба салғызғым келсе, 3000 теңге тұратынын айтты. Сонда жүктілерге ең арзан пломба жарайды дегені ме мемлекеттің деп бір ашуланып алдым. Арзанның сорпасы татымайтыны белгілі, тегіннің сорпасы су шығар, бәлкім?!

About Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

2 responses »

  1. құқықтарыңды білгесін пайдаланбақ болсаң, анадағыдай деш:)

    Жауап беру
    • Аха….Ақылысын слдыруға сонша үгіттеп еді. Соңында, тіпті, ойланып тақалғанмын. Тек қалтама салып шаққан ақшам жеткіліксіз болды да, ол жерде банкомат жоқ екен. Сосы дәрігер: “онда тағы уақытша пломба салып берейін, сенбі қайта кел 3000 теңгелік салып берем,” – деп еді. Мен қойшы тағы кеп жүрем бе деп, оның үстіне баламды қалдыратын адам табу керек деген сияқты проблемаларды ойлап тегінін салғыза салғам, сөйтсем ол кісі пломбаны кем салған ба, әйтеуір қазір ауырмса да сол тісіме тамақ қалдықтары жиналы қла береді. Әлде..шұқып- шұқып бұны түсіріп тастап, қайтып келсін деді ме, кім білсін?

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: