RSS Feed

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінен үзінді

 2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162-ө Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау  министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген

 89-бап. Балалардың құқықтары

1. Әрбір баланың:

1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсау­лықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қаралуға және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрімен қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға құқығы бар.

2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;

2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

3. Мектеп жасындағы балалардың стацио­нарлық, қалпына келтіру емін алу кезеңінде стацио­­нар, оңалту орталығы, санаторий жағ­дайында үздік­сіз білім алуға құқығы бар.

Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфек­циясын жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйым­дарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.

5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау

 96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Азаматтардың:

1) ұрпақты болуды еркін таңдауға;

2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызмет­терді алуға;

3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға;

4) бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақ­стан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

5) жыныстық жасушалар донорлығына;

6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

7) хирургиялық стерилизациялануға;

8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;

9) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;

10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу аралығын­дағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді ерікті түрде қабылдауға;

11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.

2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.

3. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқық­тарын жүзеге асыру кезінде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау

1. Әйелдің жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананы тірі туудың және өлі туудың халықаралық кри­терийлерімен айқындалатын мерзімінен бұрын босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.

2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында медици­налық, консультациялық көмек тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі шегінде ұсынылады.

3. Жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.

98-бап. Бедеуліктен емделу

1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйым­дарында, жекеше медициналық практикамен айналы­сатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан Республика­сының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен техноло­гияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдар­лары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың организмге әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеу­ліктен емделуге құқығы бар.

2. Тіркелген, некеде тұрған адамдардың ұрпақ­ты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.

99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау

1. Әйелдердің ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларына (жасанды инсе­минацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмб­рионды имплантациялауға) құқығы бар.

2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

About these ads

Өзіңіз хақында Әлди-әлди...

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді...

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: